07:10 18 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
4089 0 0

Өткен жылдың наурызынан бері Үндістанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 30 миллионға жуықтады

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Әлеуметтік желіде Үндістан тұрғындарына коронавирусқа қарсы екпе салу кезінде түсірілген видео тарады.

"Үндістанда COVID-19-ға қарсы вакциналаудың ерекшеліктері," – деп видео астына жазды ресейлік жүргізуші Владимир Соловьев.

Бейнероликте жергілікті медицина қызметкерлеріне екпе салуына қарсылық білдіріп жатқан Үндістан тұрғындарын көруге болады. Вакциналанатын әйелдер жан дауысы шыққанша айғайлап, қолдан сытылып шығуға әрекет жасап жатыр.

Біраз бұрын хабарланғандай, Үндістанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны өткен жылдың наурызынан бері 30 миллионнан асып түсті. Ал екпе салдырғандардың саны 287 миллион  адамды немесе елдегі халықтың 20%-інен сәл асқаны белгілі.

Қазақстандағы үнді штаммы

Үндістанда осы жылдың наурызында коронавирустың жаңа "Дельта" штаммы анықталды. Бұл  штаммды жұқтырғандардың буыны сырқырап, іші ауырады және жүрегі айнып, құсуы мүмкін. Сонымен қатар есту қабілетінің нашарлауы мен аяқ-қолда қан ұйып қалуы да осы штаммға тән болып отыр. Сонымен қатар эпидемияның бірінші толқынында сирек кездескен диарея да үнді штаммын жұқтырған науқастарда жиі анықталуда.

Жаңа мутация коронавирустың антиденелерге төзімділігін арттырады. Сондықтан екпе салдырғандар да COVID-19 жұқтыруы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Барлық қазақстандық вакцина салдыруға міндеттеле ме - үкімет жауабы

Қазақстанда үнді штаммын жұқтырғандар алғаш рет 21 маусымда елордада анықталды: бұл вирус анализдері қосымша тексеруге жолданған астаналықтардың 56%-інде расталған. Кейіннен үнді вирусы Алматыда да тіркелді. Қазақстандық билік адамдардың өздерін қорғау және ауру жұқтыру қаупін төмендетудің ең қарапайым әдісі – коронавирусқа қарсы вакцина салдыру екенін айтуда.

Тақырып бойынша

ДДСҰ балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға болатынын айтты
Мамандар коронавирустың үнді штаммының белгілерін атады
Вакцина алмағандар қашықтан жұмыс істейді: Көлгінов астаналықтарға үндеу жасады
Үнді штаммы: коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді
Қазақстанда локдаун енгізіле ме – Тоғжанов жауап берді
Кілт сөздер:
вакцина, әйелдер, Үндістан
Загрузка...

Басты тақырып