Әлем

Путин: БҰҰ міндеті – жаңа  соғысқа жол бермеу  

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуАллея флагов возле здания Организации Объединённых Наций (ООН) в Женеве
Аллея флагов возле здания Организации Объединённых Наций (ООН) в Женеве - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Жазылу
Әлем алдында туындаған ортақ сын-қатерлердің шешімін бірлесіп табудың арқасында ғана өркениеттің қауіпсіз әрі тұрақты дамуына қол жеткізе аламыз

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Жекелеген позитивті белгілерге қарамастан, әлемде геосаяси процестердің тұрақсыздығы байқалады. Бұл жөнінде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин тоғызыншы Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі Мәскеу конференциясында мәлімдеді.

"Халықаралық құқықтың азып-тозуы жалғасып жатыр. Жекелеген позитивті белгілерге қарамастан, әлемде геосаяси процестердің тұрақсыздығы байқалады. Өз мүддесін қорғау үшін күш қолдану, басқаның қауіпсіздігі есебінен өз қауіпсіздігін нығайту әрекеттері де тоқтамай тұр", - деді ол.

РФ көшбасшысы бұл шара күн тәртібіндегі қазіргі заманғы әскери-саяси мәселелерге арналғанын атап өтті. Оның пікірінше, әлем алдында туындаған ортақ сын-қатерлердің шешімін бірлесіп табудың арқасында ғана өркениеттің қауіпсіз әрі тұрақты дамуына қол жеткізу мүмкін болады.

Сонымен қатар Путин Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаты мен міндетіне тоқталып, оны беделді және қоғам мойындаған бірлестік ретінде атады.

Оқи отырыңыз: Женевадағы саммитте Путин қандай мәлімдеме жасады

"Құрылған сәттен бастап БҰҰ халықаралық қарым-қатынас жүйесінің іргетасына айналды. Бұл беделді және қоғам мойындаған ұйымның басты міндеті – жаңа қақтығыс, жаңа дүниежүзілік соғыс туындауына жол бермеу. Сондықтан барлық іс-әрекет БҰҰ атынан орындалуы керек", - деді РФ президенті.

Путин өңірлік қарулы қақтығыстар, трансшекаралық қылмыстық топтардың, наркобизнес пен киберқылмыскерлердің белсенділігі, жаппай қырып-жою қаруының таралуы үлкен алаңдаушылық тудырып отырғанын атап өтті. Ол бұл проблемалардың ауқымы мен жаһандық сипаты барлық мемлекеттік күш біріктіріп күресуін және ол іс-әрекет халықаралық құқық пен БҰҰ принциптері негізінде жүргізілуін қажет ететінін айтты.

Жаңалықтар
0