Әлем

Жарыс кезінде автокөлік бір топ адамды қағып кетті – видео

CC0 / / Больница, носилки
Больница, носилки - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2021
Жазылу
Көліктердің бірі белгісіз себептерге байланысты балшық жолағынан шығып кетіп, тосқауылды бұзып өтті

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. АҚШ-тың Техас штатында жарыс кезінде бір топ адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды РИА Новости.   

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от The Real Fit Fam El Paso (@fitfamelpaso)

Эль-Пасо округының ипподромында балшықпен жүретін көліктер жарысы ұйымдастырылған болатын. Дәл сол кезде бір автокөлік өз жолағынан шығып кетіп, тосқауылдың арғы жағында тұрған бір топ адамға соғылған.

"Алдын ала тергеуге сәйкес, көліктердің бірі белгісіз себептерге байланысты балшық жолағынан шығып кетіп, тосқауылды бұзып өтті. Басқа үш көлік те бұзылды", - делінген ресми хабарламада. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от The Real Fit Fam El Paso (@fitfamelpaso)

Жол апатынан 29 адам жарақат алды. Үшеуі ауруханаға түсті, жағдайы ауыр.  

Жаңалықтар
0