23:22 12 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
41 0 0

Ресейлік-израильдік публицист және тарихшы Артем Кирпиченок өзінің екінші аккаунтына кіре алмай қалғанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым - Sputnik. Facebook пікірлерді, кейде бүтіней аккаунтты өшіріп тастайды. Мамандардың пікірінше, бұл саяси ұстаныммен байланысты. Кейбір тақырыптардың банға түсу қаупі жоғары, деп санайды РИА Новости.

Ресейлік-израильдік публицист және тарихшы Артем Кирпиченок күні кеше өзінің екінші аккаунтына кіре алмай қалды. Ол Белоруссиядағы жағдай туралы жазбасынан кейін банға түсіп қалғанын айтты. Оның айтуынша, ол Facebook желісіне 2017-2018 жылдары тіркеліп, Таяу Шығыс туралы пікірін ашық білдіргені үшін бір күн немесе бір аптаға аккаунтына кіре алмай қалған кездер болған.

"Бір күні тарихи құжатты жарияладым. Онда бейәдеп атаулар болған. Мен пікір таластырып отырған адамға бұл сөздердің бұрынырақта қолданыста болғанын дәлелдегім келді. Одан соң бірінен кейін бірі банға түсіп тұрдым. Жабық топтардағы пікір білдірушілер шағымданса да аккаунтымды жауып тастау әдетке айналды. Бұл бір анонимді әділ сот секілді", - дейді блогер.

Оның айтуынша, Еуромайдандағы комсомолшы туралы жазған пікірін де өшіріп тастаған. Қатыгездік емес, жалған ақпарат себеп болған дейді.

"Модерацияның логикасы түсініксіз. Көзге бір түссең, ерте ме, кеш пе, аккаунтты жауып тастаудан құтылмайтын секілдісің", - дейді Кирпиченок.

Ол қосымша аккаунт ашып, өзінің аты-жөнін иврит тілінде көрсеткенімен, Facebook бұл парақшаны да уақытша бұғаттап тастаған. Кирпиченоктың айтуынша, оның әлеуметтік желі әкімшілігімен байланысу әрекеттері әзірше нәтиже бермей отыр.

Украиналық модераторлар саяси оңшылдармен байланысы туралы жазбасынан кейін украин журналист Павел Волков та Facebook-тегі парақшасынан айырылып қалған. Сол сияқты, цензорлардың украиналық ұлтшылдарды қолдауы тууралы пост жазған журналист Андрей Манчуктің де бұл жазбасын әлеуметтік желі әкімшілігі жалған деп атап, оның екінші аккаунты күні кеше бұғатталды.

Жалпы Украина тақырыбы Facebook-тің орыстілді сегментінде жиі қозғалады. Наурызда Роскомнадзор Facebook-тен РБК, ТАСС және "Взгляд" мақалаларындағы бұғаттауды шешуді талап етті. Америкалықтар бұл контентті өшірмегенін, фактчекер жалған деп белгілеген материал төменге түсіп, сирек көрсетілетінін айтты.

Алексей Навальныйға қатысты митинг кезінде де Facebook бан құралын жиі қолданды. "Үйлестірілген түпнұсқалық іс-әрекетке қатысты біздің сяасатты бұзатын 530 аккаунты өшіріп тастадық", - деп ақпарат таратты Facebook. Хэштег қойған желі қолданушылары осы әрекеттері арқылы көршіліктің маңызды мәселелерді талқылауына кедрегі келтірген.

Оқи отырыңыз: YouTube ресейлік БАҚ-ты неге бұғаттады

Жалпы Facebook модерациясының ережесі ашық көрсетілгенімен, онда түсініксіз мәліметтер көп. Цензорлар жайлы былай деп жазылған: "Қазір біз кейбір елдердегі фактілерді тексеру бойынша тәуелсіз сарапшылармен ынтымақтастық орнаттық". Олардың қатарында Ресей бар ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.

Кілт сөздер:
Ресей, Facebook
Загрузка...

Басты тақырып