00:30 13 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
808 0 0

Барлық науқаста ұйқысыздық, қозғалыс және когнитивті функцияларының бұзылуы, галлюцинация, бұлшықет ауруы, көру қабілетінің нашарлауы, мазасыздық байқалып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Канаданың Нью-Брунсвик провинциясында белгісіз ауру өршіді, деп хабарлайды РИА Новости The New York Times басылымына сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметі бойынша, әзірше дәрігерлер нақты диагноз қоя алмай отыр. Барлық науқаста ұйқысыздық, қозғалыс және когнитивті функцияларының бұзылуы, галлюцинация, бұлшықет ауруы, көру қабілетінің нашарлауы, мазасыздық байқалды.

"Бұл жедел прогрессивті дамитын психиатриялық құбылысы. Ми мен жұлын басқаратын барлық мүше бақылаудан шығады", - дейді невропатолог Нил Кэшман.

Неврологиялық бұзылу белгілері жас талғамайды.

Оқи отырыңыз: Құс тұмауы: әлемде жаңа пандемия басталуы мүмкін бе – ДДСҰ жауабы

Сонымен қатар инфекция алғаш рет 2015 жылы анықталғаны белгілі болды. Осы уақыт аралығында неврологиялық бұзылу белгілері 48 тұрғыннан анықталды, олардың алтауы қайтыс болды.

Кілт сөздер:
Канада, індет, ауру
Загрузка...

Басты тақырып