Әлем

Қытайда жолаушылар пойызы тоғыз адамды қағып өлтірді

© Sputnik / Абзал КалиевТеміржол, иллюстративті сурет
Теміржол, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2021
Жазылу
Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда, төтенше жағдайдың себептері анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Қытайда жолаушылар пойызы теміржолда тоғыз жұмысшыны қағып кетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Темір жолдағы аяқ киім, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2021
Оқиға
Мектептен келе жатқан: Ақмола облысында баланы пойыз қағып кетті
Оқиға Ганьсу провинциясының Цзиньчан уезі аумағында болды.

Жолаушылар пойызы теміржолдағы жұмысшыларды қағып кеткен, алдын ала мәліметке сәйкес, тоғыз адам көз жұмды.

Төтенше жағдайдың мән-жайы әзірге белгісіз.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, ТЖ себептері анықталуда.

Басылым ақпаратынша, пойыз Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданының әкімшілік орталығы – Үрімші қаласынан Ханчжоуға (Чжэцзян провинциясы) бет алған.

Жаңалықтар
0