АЛМАТЫ, 18 мамыр – Sputnik. АҚШ-тың Нью-Йорк штатында коронавирусқа қарсы вакцина салдырған тұрғындарға сәрсенбіден бастап бетперде тақпауға және бірқатар қоғамдық орыннан басқа жерлерде әлеуметтік арақашықтықты сақтамауға рұқсат берілді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Егер вакцина салдырсаңыз, медициналық бетперде тағудың да, қашықтықты сақтаудың да қажеті жоқ", - деді штат губернаторы Эндрю Куомо.
Алайда білім беру мекемелерінде, қоғамдық көлік және басқа да адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде тағу қажет.
Ал вакцина салдырмаған адамдар барлық жерде бетперде тағып жүруге міндетті.
Оқи отырыңыз: Вакцинаны қашан салдыру керек – қазақстандық профессор кеңес берді
Егер штаттағы эпидемиологиялық жағдай нашарласа, жеңілдетілген талаптар күшін жоюы мүмкін.
Айта кетейік, Америка Құрама Штаттары бетперде тағу режимін жою туралы шешімді мамырда қабылдады. Олар вакциналау коронавирусты жұқтыру және инфекция таратуды азайтады деген ғылыми тұжырымдамаға сүйенді.