04:19 15 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD428.71
  • EUR519.12
  • RUB5.79
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
2488 0 0

Марафонның 35-ші күні ол өзінің блогында өлімнің жақындап қалғанын сезетінін жазған

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр - Sputnik. Ресейлік 40 жастағы блогер Виталий Выграновский 40 күндік аштықтан кейін Абхазияда қайтыс болды, деп хабарлайды "Двач/Ньюсач" Telegram каналы.

Ол көптен бері ағзасын аштықпен сынап, тамақсыз 40 күндік марафон өткізгісі келген. Алайда ол аштықты дәрігердің бақылауынсыз жүргізген.

Блогер аштық марафонын наурыздың ортасында Мәскеуде бастайды. Он күннен кейін оны қаланың қарбаласы шаршатып, Абхазияға кетеді.

20-шы күні блогер өзінің "толық тазарғанын" айтады. Дегенмен осы уақыттың өзінде ол қатты арықтап, бұлшық еттері жоғалып, денесі салбырап кеткен еді. Оның физикалық белсенділігі азайып, тек жүре алатын хәлге түседі, деп жазады lenta.ru.

Оқи отырыңыз: "Біз не болғанын түсінбедік": Блогердің ұлы телефонның кесірінен көз жұмды

Марафонның 30-шы күні ер адамның ыстығы көтерілді. 35-ші күні ол өзінің блогында өлімнің жақындап қалғанын сезетінін айтады, бірақ аштықты тоқтатпады.

Марафонның қырқыншы күні блогер көз жұмды.

Тақырып бойынша

"Пранк" жасаған: Атырауда достарының қалжыңын түсінбеген дүкен иесі істі болды
Бойжеткенді көлікке қамаған танымал қазақстандық блогер жұрттың ашуына тиді
50 мың теңге жасырған: атыраулық блогер жауапқа тартылды - видео
Қазақстандық блогердің қан-жоса болып көшеде жүрген видеосы тарады
Кілт сөздер:
Ресей, аштық, блогер
Загрузка...

Басты тақырып