Әлем

АҚШ Украинаға қандай материалдық-техникалық көмек көрсетіп жатыр

© Sputnik / Сергей Степанов / Медиабанкке өтуУчения НАТО Saber Strike 2016 в Эстонии
Учения НАТО Saber Strike 2016 в Эстонии - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
Жазылу
Киев 2014 жылдан бері Вашингтоннан "Джавелинді" сұратып жүр. Алайда Вашингтон бұл қаруды әскер түйіскен орында қолдануға тыйым салды

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Америкалықтар Украинаға қару жеткізу бойынша жаңа жоспар әзірлеп жатыр. Батыстық БАҚ жазғандай, бұл Киев пен Мәскеу арасында әскери қақтығыс бола қалған жағдайда қажет болады, деп жазады РИА Новости.

НАТО Украина үшін Ресеймен қақтығысқа түспейтінін және Донбасқа әскер жібермейтінін ашық айтты. Алайда Киевті материалдық-техникалық қолдаудан Батыс бас тартатын емес.

Альянс ұшақтары мен ұшқышсыз ұшу аппараттары Қара теңіз үстінде немесе түйісу желісінде күн сайын ұшып, украиналық штабқа ақпарат жолдап жүр. ДХР мен ЛХР барлау қызметі Украина қарулы күштерінің окоптарынан шетелдік әскери мамандарды анықтады. Киевте жүк тиеген натолық әскери-көлік ұшақтары тұрақты қонуда.

Министр иностранных дел России Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Лавров АҚШ пен Ресей қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді
Сәуір айының соңында АҚШ Сенатының шет мемлекеттер істері жөніндегі комитеті Киевке әскери көмекті 300 миллион долларға дейін арттыратын "Украинамен қауіпсіздік саласындағы серіктестік туралы" заң жобасын қабылдады. The Wall Street Journal Пентагон Украинаға әуедегі шабуылдан қорғаныс жүйелерін, кеме мен танкке қарсы зымырандар, жедел тактикалық соққы жасау кешендерін жеткізетінін жазды.

Әлдеқайда күрделі әрі ауқымды қаруды батыстық мамандар орнататыны белгілі. Украиналық әскерилерді әзірше бұл дағдыға үйретіп жатқан жоқ. Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Рейтер агенттігіне берген сұхбатында АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннен заманауи радиоэлектронды күрес құралдарымен қамтамасыз етуде көмек көрсетуін сұрағанын айтты.

Көп мамандар Донбасста батыстық радиоэлектронды күрес құралдарының кешендері орналастырылып жатқанына сенімді. Әскери сарапшы Алексей Леонков дәл осы техника Киевке жүк тасымалдаушы ұшақтармен жеткізіліп жатыр деп санайды. Донбасстағы жағдай ушыққан жағдайда Вашингтон УҚК-ге нақты қандай қару жеткізетіні айтылған жоқ. Пентагон Украинаның әуедегі шабуылдан қорғаныс кешендерін күшейтуі ықтимал. Себебі Киев те осыған көз салып отыр.

Сәуірдің ортасында Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак АҚШ-тан Украинада "Патроиот" кешендерін орналастыруды талап етті. Киев билігінің пікірінше, америкалық зениттік зымыран кешендерінің бірнеше дивизионы НАТО-ға мүше болу процесін жеделдете алар еді.

Ал кемеге қарсы зымырандарға келсек, Пентагон Украинаға Harpoon зымырандарын ұсынуы мүмкін. Киевте бұл қаруды қолдануға арналған әуе және теңіз платформалары болмағанымен, "Гарпундар" жағалаудан да ұшырыла береді. Оның қашықтығы – 280 километр.

Флаги Казахстана и США - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2021
Саясат
АҚШ Тоқаевтың реформаларына қолдау білдірді
Қорғаныстың терең шебінде қарсыластың көзін жою үшін Украинаның құрлықтағы әскеріне америкалық HIMARS жедел тактикалық кешендері жеткізілуі мүмкін. Оның ATACMS зымыранымен оқ атуы кезіндегі ұзақтығы 270 километрден аспайды. Ал бұл "Искандер-М" кешендерінен әлсіз. Себебі бұл техника 500 километрге дейінгі қашықтықта нысананы дәлдей алады. Сонымен қатар Украина қарулы күштерінің қатарына үшінші буынға жататын Javelin кемеге қарсы кешендері қосылып жатыр.

2014 жылы Киевке екі мыңға жуық броньді кеудеше, жиырма AN/TPQ-48A контрбатареялы күрес станциясы, 35 дана HMMWV броньді автомобилі мен дала госпиталі жеткізілді. Ал 2015 жылы 130 "Хаммер" мен бес жылдамдығы жоғары катер алды. 2016 жылы – 14 радиолокациялық станция, екі мыңнан астам түнде көру құралы, медициналық эвакуациялау түріндегі HMMWV бес броньді автокөлігі, 24 дана RQ-11B Raven кешенін ұсынды. 2017 жылы тағы 40 "Хаммер" мен 700 шамасында радиостанция берілді. 2018 жылы - 35 дана FGM-148 Javelin танкіге қарсы зымыран кешені мен оған арналған 210 зымыран. Киев 2014 жылдан бері Вашингтоннан "Джавелинді" сұратып жүр. Алайда Вашингтон бұл қаруды әскер түйіскен орында қолдануға тыйым салып, "Ресей толық басқыншылыққа көшкен жағдайда" ғана іске қосу туралы талап қойды.

2018 жылы "Джавелиннен" бөлек Пентагон Украинаға 2,5 мың бірлік түнде көру құралын, мина іздеуге арналған аспаптар партиясын, эвакуациялаушы "Хаммерлер", снайперлік күреске арналған үш жүйені, 30 жол талғамайтын көлік, екі радиолокациялық жүйе мен құны тоғыз миллион долларды құрайтын медициналық жабдық жіберді. 2019 жылы әскери саладағы қолдау 361 миллион шамасында болды. Ал 2020 жылы Вашингтон 510 миллион доллар көлемінде шығындалды. Бұл жолы да Украинаға "Джавелиндер" жеткізілгені белгілі. Сонымен қатар қыркүйекте Мемлекеттік департамент 600 миллион долларға Киевке 16 дана Mark VI патрульдеу катерін сатуды мақұлдады. Алайда ол техника қашан жеткізілетіні әзірше белгісіз.

Жаңалықтар
0