Әлем

Белгісіз біреу балабақшадағы 16 бала мен екі тәрбиешіні жарақаттады

© AFP 2024 / GOH CHAI HINНеотложка в Китае, архивное фото
Неотложка в Китае, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Жазылу
Екі бала ауыр жағдайда жатыр, қаскүнем адам ұсталды. Оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз, полиция мән-жайды анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қытайда белгісіз ер адам балабақшаға баса-көктеп кіріп, 18 адамды жарақаттады, деп хабарлады РИА Новости Қытайдың орталық телевидениесіне сілтеме жасап.

Белгісіз біреу Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Бэйлю қаласында балалар білім мекемесіндегі адамдарға тап берген, 16 бала мен екі тәрбиеші жарақат алды, екі баланың жағдайы ауыр.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-де болды.

Полиция күдіктіні ұстады, қылмысқа не түрткі болғаны және оның немен қаруланғаны жайлы хабарланбады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Балабақшадағы қанды қырғын: әйел 14 бүлдіршінді пышақтап тастады

Айта кетейік, Қытайда бұған дейін де осындай оқиға болды. 2020 жылдың маусым айында пышақ ұстаған адам Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы балабақшаға басып кіріп, 40 адамды жарақаттады.  


 

Жаңалықтар
0