Әлем

Элитаішілік қайшылық: Еуроодақ елдеріндегі саяси жағдай қалай өзгеруі мүмкін

© REUTERS / Fabrizio BenschЕуроодақ жалауы
Еуроодақ жалауы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2021
Жазылу
Джоан Роулинг пен Бенедикт Камбербэтч Путиннен Навальныйға медициналық көмек көрсетуді сұрап отыр. Ең қызығы, тиісті көмек көрсетуден ешкім бас тартып жатқан жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. "Атлантикалық ниеттестік" деген не? Бұл НАТО-ның құрылуы туралы шарттағы одақтастардың біріне шабуыл жасаған жағдайда ұжымдық қорғаныс жайын қарастыратын бесінші бап емес. Қазір ниеттестік Атлантиканың қос жағасы да Ресеймен бірдей нашар қарым-қатынаста болуын қарастырады, деп жазды РИА Новости.

Глобус - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2021
Әлем
Еуроодақ көшбасшылары әлем үкіметін құрғысы келеді
Егер америкалық-ресейлік қарым-қатынас одан бетер ушықса, онда Еуропаның қалысуға құқығы жоқ. Берлин немесе Париж бұл жайлы не ойлайтыны маңызды емес. Еуропалықтар не болып жатқанын аңғаруға уақыт болмайтындай жылдамдықпен қатты шиеленіскен атмосфера туындату керек.

АҚШ-тың ресейлік дипломаттарды елден шығаруды қарастыратын орыстарға қарсы жаңа санкциялар қабылдауы сол-ақ екен, Польша Ресей елшілігінің үш қызметкерін нон грата тұлға деп жариялауға асықты. Алайда бұл түк емес. Себебі, артынша Чехия 18 ресейлік дипломатты елден кетіріп, Скрипальдер ісі бойынша танымал Боширов пен Петровты 2014 жылы әскери қоймадағы жарылысқа қатысы бар деп айыптады.

"Бұл 1968 жылдан бері біздің территориямызға жасалған ең ірі шабуыл", – дейді чех парламенті.

Ал елдегі үкімет ЕО-ның басқа мемлекеттерінен "орыс диверсиясын" сынауды және қандай да бір жаңа санкциялар енгізуді талап етіп отыр.

Мұның барлығы Батыстың "Ресейдің Украинаға басып кіруі" және "Алексей Навальныйдың түрмеде өлтірілуі" іспеттес бағытта өрбіген "саясаты" аясында болып жатыр.

Джоан Роулинг пен Бенедикт Камбербэтч Путиннен Навальныйға медициналық көмек көрсетуді сұрап отыр. Ең қызығы, тиісті көмек көрсетуден ешкім бас тартып жатқан жоқ. Ал Эммануэль Макрон Ресей үшін ол аттап баса алмайтын "қызыл сызықтар" орнатуды (Украинаны меңзеп тұрғаны анық) ұсынды және ашық диалогты талап етуде.

Женщина в маске - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Әлем
Еуропа елдері кімге өкпелі?
Мұндай қысымды кез келген ел көтере алмайды. Сондықтан Эстония президенті Ильвестің қатты қорқып, Ресейден Еуропаға бағытталған барлық саяхаттарға тыйым салуды ұсынуына таңғалуға болмайды. Әрине, басқа амал бар ма? Ильвес "Еуропа қауіпсіздігі қыл арқанға ілініп тұр. Жетер енді!" деген мәлімдеме жасады.

Расында да жетер. Ресейден бас тартып, Укаинаны НАТО-ға қосу соншалық оңай болып па? Украинаның Германиядағы елшісі күні кеше немістерден Украинаны әскери альянсқа кіруін тез арада қамтамасыз етуді талап етті.

Мұндай ақылға қонымсыз әрекеттердің барлығы Еуропаға еш пайда әкелмейді. Себебі ол қазір қиын жағдайды бастан өткізіп жатыр. Ал оған енді Ресеймен текетірес ұсынылып отыр.

Атлантистерге не қажет екені белгілі. Олар Байден Путинмен кездесу барысында мейлінше басым позицияда болып, батыс әлемінің мінсіз көшбасшысы ретінде сөз сөйлеуін көздеп отыр. Әйтпесе Еуропадағы былық Байденнің беделіне нұқсан келтіріп, Путиннің бірыңғай Батысты екіге бөлуіне (атлантистер осылай деп пайымдайды) себеп болуы ықтимал. Сондықтан Байденнің атлантикалық блоктың нағыз көсемі екеніне күмән тудырмау керек.

Алайда ақиқат бұл жоспардың күл-талқанын шығарып отыр. ЕО мен АҚШ арасында да, Еуропаның өзінде де ешқандай бірлік жоқ. Еуроодақтың негізгі елдерінде элитаішілік қайшылық өршіп жатыр. ГФР-дағы билік етуші партиялар Меркельден кейін кім канцлер болатыны туралы келесімге келе алмай отыр. Францияда истеблишмент ішінде бір жылдан кейін жүйеге қарсы Марин Ле Пен президент болуының ықтималдылығы барлығының мазасын қашыруда. Сондықтан қандай Украина, қандай Навальный, қандай "қызыл сызық"?

Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2021
Әлем
Байден билікке келгелі НАТО-ның көзқарасы өзгерді ме?
Мұнда мәселе еуропалық элитаның Ресеймен қарым-қатынасты өршітуге деген ниетінің жоқтығында емес. Бұл жағдайға дәл қазір айналысуды қажет ететін өз елдеріндегі және ЕО проблемалары. Сондықтан қолдан жасалған жанжалға көңіл бөлуге ниет жоқ.

Алайда алаңдамасқа амал болмай тұр. Себебі ротацияда бірнеше мәселе бар: Украина, Навальный, "Еуропадағы МБҚ орыс баукеспелері" (бастапқыда Скипаьдерді өлтіре алмады, енді міне уақытынан бұрын әрі шатасып чех қоймасын жарып жіберді). Мұның барлығы еуропалықтардың зәре-құтын қалдырмай, санкцияларға мәжбүрлеуі заңды.

Бірақ бұл әрекеттен түк шықпайтынын анық. "Врбетице қоймасындағы жарылысты" "Солсберидегі улау" деңгейіне дейін жеткізе алмайды. Себебі Еуропа бұрындары англосаксондарға едәуір байлаулы болатын. Трамп алдындағы үрей де өз рөлін ойнады.

Қазір Еуропа Ресеймен қарым-қатынасты одан әрі өршіткісі келмейді. Еуропа элитасындағы проатлантикалық және русофобиялық күштердің жау шапқандай байбалам салуы баяғы қарқынынан айырылған. Өйткені еуропалықтардың басым бөлігі Украина үшін күресте өз елдеріндегі жағдайды уыстан шығарып алғылары келмейді.

Жаңалықтар
0