02:54 06 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.85
  • EUR512.35
  • RUB5.71
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
5230 0 0

Мәйітхана қызметкері баланы арбамен әкетіп бара жатқанда оның түшкіріп, жөтелгенін естіп, дереу дәрігерлерді шақырған

АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Гананың Болгаратанга қаласында мәйітхана қызметкері дәрігерлер өлді деп тіркеген тоғыз жасар баланы құтқарып қалды, деп жазды Pulse.com.gh басылымы.

Аурухананың жанындағы мәйітхананың аға қызметкері Әльхассан Азаар Даниелдің (Alhassan Azaare Daniel) айтуынша, медбикелер оны баланың денесін алып кетуге шақырған. Оны арбамен мәйітханаға апара жатқанда баланың түшкіріп, жөтелгенін естиді. Содан бірден баланы ауруханаға әкеліп, дәрігерлерді шақырған.

Араға біраз уақыт салып бала үйіне жіберілді.

Айта кетейік, 2019 жылы Атырау қаласында қорқынышты жағдай болды. Жаңа туған сәбиде тіршілік белгісі болмаған. Содан оны шетінеді деп тіркеген. Мәйітханаға апара жатқанда медицина қызметкерлері баланың қимылдап жатқанын байқап, бұл туралы перзентхананың бас дәрігеріне хабарлаған. Алайда құжаттарды өзгертіп отырмау үшін дәрігерлер баланы тоңазытқышқа жіберу туралы шешім қабылдайды.

Оны перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің телефонын тыңдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет анықтады.

"Балаңызды өлтірген жоқпыз": перзентхана экс-басшысының соттағы соңғы сөзі 

Осыдан кейін перзентхананың бұрынғы бас дәрігері 18 жылға бас бостандығынан айырылды, акушер-гинеколог 16 жылға, акушер-медбике 15 жылға сотталды.

Екі неонатолог үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Тақырып бойынша

Тоңазытқыштағы нәресте өлімі: сот залында шу шықты – видео
Сегіз сағат жер астында жатқан нәресте тіріліп кетті - видео
Ешкі бағып жүріп, есінен танған: жерлеу рәсімінде күтпеген оқиға болды
Әйел адам жерлеу рәсімінде тіріліп кетті
Дәрігерлер ағзасын алуға дайындап жатқан науқас кенеттен тіріліп кетті
Загрузка...

Басты тақырып