Әлем

Меладзенің алтыншы баласы дүниеге келді

© Валерий Левитин / Медиабанкке өтуВалерий Меладзе. Архивное фото - рекадр
Валерий Меладзе. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2021
Жазылу
Альбина Жаңабаева мен Валерий Меладзе үш баланың ата-анасы атанды. Меладзенің алғашқы некеден Инга, Софья, Арина есімді 3 қызы бар

АЛМАТЫ, 14 сәуір – Sputnik. Ресейлік танымал әнші Валерий Меладзенің алтыншы баласы дүниеге келді. Осылайша, "ВИА Гра" тобының бұрынғы солисі Альбина Жаңабаева мен Валерий Меладзе үш баланың ата-анасы атанды, деп хабарлады Star hit.

Басылымның хабарлауынша, қуанышты жаңалықты әнші КТК ойындарының 1/8 финалының түсірілімінде айтқан. Жұлдызды жұптың қызы ел астанасындағы емхананың бірінде дүниеге келді.

Алайда олар жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жоқ.

Әнші Мирас Бекжанов: Құралай сәбиіміз қыз екенін айтқанда қатты ұрыстым

Айта кетейік, Валерий Меладзе мен Альбина Жаңабаева 2014 жылы шаңырақ көтерді. 17 жастағы Константин және 7 жастағы Лука есімді екі ұлы бар. Жаңа туған нәрестенің есімі әлі айтылмады.

55 жастағы әнші Валерий Меладзенің алғашқы некеден Инга, Софья, Арина есімді 3 қызы бар.

Жаңалықтар
0