19:53 18 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.39
  • EUR515.52
  • RUB5.68
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1042 0 0

Наразылық білдірушілер бойжеткенді құтқару үшін полиция еш әрекет жасамады деп санайды. Олар ішкі істер министрі Ұлан Ниязбековтың отставкаға кетуін талап етуде

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Қырғызстанда үйлену мақсатында ұрланған Айзада Қанатбекованың өлімінен кейін митингтер басталды. Қырғыздар Айзаданы алып қашқан сәттің видеосы бола тұра қыздың өмірінің алдын алуға әрекет жасалмағанына наразы, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Бойжеткенді алып қашу сәті видеоға түсіп қалды

Күні кеше Бішкекте ұрланған бойжеткенге қатысты қаралы хабар Қырғызстанды есеңгіретті. Алтыншы сәуірде үш ер адам қызды көлікке күштеп отырғызып, белгісіз бағытқа қарай алып кеткен. Кейіннен қала сыртында қойшы жоғалған қыз бен 36 жастағы ер адамның денесін көліктен тапты. Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, ер адам қызды буындырып өлтіріп, содан кейін өзін өлтірген.

"Олар Айзаданы ұрлау сәтінің видеосы болғанына қарамастан милицияның қайғылы жағдайдың алдын ала алмағанына наразы. Адам ұрлау фактісінен кейін бойжеткеннің туыстары іздеуді жеделдетуді сұраған. Олар құқық қорғау өкілдері "Қауіпсіз қала" немесе ұялы байланыс операторы арқылы Айзаданың қайда екенін анықтамағанын түсіне алмай дал", - деп жазды басылым.

Үкімет жауап қатты

Бішкек пен Ош қалаларында митингке шыққандар ішкі істер министрі Ұлан Ниязбеков пен астаналық ішкі істер басқармасының басшысының отставкаға кетуін талап етті.

Қырғызстан ішкі істер министрлігінің басшысы Үкімет үйінің жанына жиналған наразы топтың алдына шыққан жоқ. Оның орнына премьер-министр Ұлықбек Марипов шықты. Митингке қатысқандар үкімет басшысын "Ұят!" сөзімен қарсы алды.

Бұл оқиғаға қатысты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров үнсіз қалмады. Ол тергеу жұмыстарын жеке бақылауына алатынын мәлімдеді.

"Ұрлап әкетіп, оны еркінен тыс некеге тұруға мәжбүрлеу қатаң түрде заңмен жазалануы керек. Адамды ұрлап, оны күштеп ұстауға атсалысқандарды кешіруге болмайды. Біздің қоғамдағы заң мен тәртіп басты орында болуы керек. Бұл жайлы ешкім ұмытпауы тиісті", - деп жазды Жапаров өзінің Facebook парақшасында.

Ол асқан қатыгездікпен өлтірілген Айзада Қанатбековаға қатысты жағдай қалыңдық ұрлау қылмысындағы соңғы оқиға болуы тиіс екенін атап көрсетті.

"Заманауи қоғамда мұндайға жол жоқ. Осындай қылмыстық әрекеттер үшін барлығы жазаға тартылуы керек. Айзада Қанатбековаға байланысты оқиғаны жеке бақылауыма аламын. Істі соңына дейін жеткізу керек", - деді президент.

Жапаров қырғызстандықтарды қалыңдық ұрлау оқиғасының куәсі болған жағдайда үнсіз қалмауға шақырды.

Тақырып бойынша

ШҚО-да бұрынғы сүйіктісін зорлаған полицей сотталды  
Екі қызды 4 жыл бойы қамауда ұстаған маньяк бостандыққа шыққалы жатыр
Қойшы тауып алған: бір топ еркек алып қашқан бойжеткен өлі табылды - видео
Тоқал болудан бас тартқан: соққыға жығылған ақтөбелік бойжеткен мән-жайды айтты
Кілт сөздер:
өлім, қыз алып қашу, Қырғызстан
Загрузка...

Басты тақырып