20:00 14 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.55
  • EUR515.53
  • RUB5.62
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
106 0 0

"Жаһандық суық түсу" қырғи-қабақ соғыстағы қаруға айналды. Дәл осы кезде Кеңес Одағы қарқынды түрде мұнай саласын өркендетіп, газ өндірісін бастап жатқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір — Sputnik. 2004 жылы Рональд Эммерихтің "Арғы күні" атты голливудтық блокбастері кино әлеміне жол тартты. Бұл картинада апат тақырыбына құрылған фильмдерге тән барлық сипат: адамдардың жаппай қырылуы, айналаның қирауы, мелодрамалық оқиғалар, әсерлі әуен мен бас кейіпкерлердің жеңіске деген ұмтылысы болды.

Бұл фильмді қазір де қызығып көргенімізбен, моральды тұрғыда ескіріп, жауыр болған туындыға жатады. Себебі ол жаһандық суық түсу салдарынан адамзаттың жер бетінен жойып жіберетін апатты көрсетеді. Кинотуынды "Бүкіл әлемге төнген супердауыл" кітабының желісі бойынша түсірілген. 30 жыл бұрын жер бетінің мұз боп қатып қалатыны жайлы мұндай кітап өте көп болатын, деп жазды РИА Новости.

Жаһандық жылумен күресетіндер қатарына бүгінде балалар мен жастар тартылып жатқаны да кездейсоқ емес. Жасы үлкен азаматтар 1970-90-шы жылдары "жаңа мұз дәуірі" қорқыныш ұялату құралы болғанын біледі. Олар бүгінде адам баласын жаһандық жылумен үрейлендіріп жүрген сол басылымдар мен телеарналар болатын.

Бұл тақырып 1960 жылы пайда болды. The New York Times, 1969 жыл: "Жиырма жыл өмір ғана қалды". The Guardian, 1974: "Мұз дәуірі үдемелі түрде жақындап келеді". Жақында барлық дақыл шіріп, жейтін азық қалмайды. Ауыз су да жоғалады. Венеция су астына кетеді, Малдив аралдары су астына кетеді, Нью-Йорк та су астына кетеді. 2000 жылға қарай ғаламшарды қалың мұз қабаты басады. Ал ғылым қайда қалды? Ғылым болса адамзаттың ақыры жақындап қалғанының қорқынышты жаңа дәлелдерін табумен айналысып жатты.

Ғалымдар монографиялар құрастырып, семинарлар өткізді, билікке үндеу жолдады: "Құрметті президент мырза! – деп жазды 1972 жылы Браун университетінің көрнекті тұлғаалары Никсонға. – Әлемнің болашағы жайлы алаңдайтыныңызды біле отырып, біз сізді адамзат баласы бұрын-соңды тап болмаған климаттың ауқымды өзгерісі туралы хабардар етуге мәжбүрміз... Аяз адымы үдеп келеді...".

"Жаһандық суық түсу" дереу қырғи-қабақ соғыстағы қаруға айналды. Дәл осы кезде Кеңес Одағы қарқынды түрде мұнай саласын өркендетіп, газ өндірісін бастап жатқан болатын. Ал батыстық әріптестер 1973 жылы арабтардың кесірінен мұнай бағасының қымбаттауынан зардап шегіп жатты.

Яғни, орыс коммунистері Сібірде мұнай өндіріп, оны әлемге сатып жатса, президент Никсон америкалықтарды жанармайды күнара құйып, отынды үнемдеуге шақырып жатты. Жаһандық суық түсу туралы аңыз КСРО-ның табиғи ресурстарына басқыншылық жасауға негізделді.

Кейіннен бұл аңыздың бір бөлімі ретінде "ядролы қыс" жайлы айтыла бастады. Радиоактивті күл басқан, қалалар қирандыларға айналған, мутант адамдар пайда болған қорқынышты әлем. "Ядролы қыс" Кеңес Одағына саяси қысым жасау үшін сәтті қолданылды. Яғни ядролық қаруды қолдануды біржақты қысқарту, мәмілеге келу. Осы ертегілер қазір қайда?

2006 жылы Канн фестивалінде "Қолайсыз ақиқат" атты деректі фильмнің презентациясы өтті. АҚШ-тың экс-президенті Альберт Гор осы туындыға шабыт беруші, демеуші әрі бас кейіпкері болды. Келесі жылы ол Нобель сыйлығын алды. Аталған деректі фильм жаһандық жылуды адамзат баласына төнген қауіп ретінде көрсетті. Содан кейін The New York Times пен The Guardian, CNN мен BBC президент әкімшілігінің күн тәртібіндегі мәселені таратумен айналыса бастады. Олар қара аспанды төндіріп, адам баласының жер бетіндегі күні санаулы деген үрейлі болжамдарды қарша боратты.

2009 жылы британ ханзадасы адам баласының сегіз жыл өмірі қалды деп болжады. 2013 жылы The Guardian Арктика екі жылдан кейін ериді деп кесіп айтты. Ғалымдар осы мәселені қызу талқылап, семинарлар, конференцияларды тоқтаусыз өткізіп, президенттерге үндеу жолдаумен болды. Мұның барлығы жетекші мемлекеттердің Киот хаттамасы мен климат туралы Париж келісіміне қол қоюына алып келді. Әйтсе де күні бүгінге дейін бірқатар сарапшы жаһандық жылу туралы аңызды өткір сынға алып отыр.

Американың мұндай аңыздарды ойлап табуының астарында бәсекелестердің көзін құрту саясаты жатыр. Ресейден жеткізілетін бидай мен газды "көміртекті" деп қаралап, нарықтан шығаруды мақсат тұтады.

Илон Маск бірнеше жылдан кейін байланыс құралы ретінде тілді қолданыстан алып тастауға уәде етті. Миллиардер-мормон Тревор Милтон жаңа отын ретінде әлемдегі ең қауіпті жарылғыш газ – сутекті ұсынып жүр. Ал Билл Гейтс болса жаһандық жылумен күрес бойынша экзотикалық жобаларды қаржыландырып жатыр. Оның бастамаларының біріне сәйкес, атмосфераға тонналап бор, яғни күкірт диоксидін шашатын ұшақтарды аспанға ұшыру керек. Бұл бізді Күн көзінен қорғап, Жерді салқын ауа басады. Есесіне ештеңе өспейді, адам баласы үшін азық болатын дақыл қалмайды. Бастысы – жаһандық жылуға тосқауыл қойылады. Иә, бұл қалжың емес. Осы тектес жобаларды расымен де Гарвард университетінің ғалымдары талқылап жатыр.

Миллиардерлердің мұндай ұсыныстары күлкілі көрінгенімен, біраз жылдан соң билік басына дәл осы азаматтар келсе не болмақ?

Осы жылдың сәуірінде өтетін климат жөніндегі саммит кезінде жоғарыда айтылғандарды еске ұстаса дұрыс болар еді. Америкалықтар кез келген идеяны жаппай қырып-жою қаруына айналдыра алады. Тіпті табиғатты қорғау идеясын да.

Загрузка...

Басты тақырып