Әлем

Тайваньда жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, 40-қа жуық адам қаза болды

© REUTERS / TAIWAN'S NATIONAL FIRE AGENCYХуалянь солтүстігіндегі рельстен шыққан пойыз жанындағы адамдар, Тайвань, 2021 жылғы 2 сәуір
Хуалянь солтүстігіндегі рельстен шыққан пойыз жанындағы адамдар, Тайвань, 2021 жылғы 2 сәуір - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2021
Жазылу
Алдын ала мәліметтер бойынша, пойыз жолды тастан тазартатын техникамен соқтығысқан

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір - Sputnik. Тайваньда жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, салдарынан кем дегенде 40 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.

Төтенше жағдай Хуаялянь уезіндегі Дацин туннелінде жергілікті уақытпен сағат 09.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 07.00-де) болды.

​Алдын ала мәліметке сәйкес, сегіз вагоннан тұратын пойыз туннельдегі жолдың тастарын тазалап жатқан көлікпен соқтығысқан. Екінші және үшінші вагон рельстен шығып кеткен.

Қайғылы оқиғадан кем дегенде 40 адам қаза тауып, 60-тан астамы жарақат алды деп хабарланды. Пойыз 350 жолаушыға есептелген.

​Қазіргі уақытта құтқару операциясы жүріп жатыр. Вагондарда 72 адам қалып қойған. Көз жұмғандар саны әлі де артуы мүмкін.

Жаңалықтар
0