Әлем

Ресей Еуроодақпен қарым-қатынасты қалпына келтіруге дайын

© AFP 2024 / KENZO TRIBOUILLARDЭмблема Европарламента на административном здании в Брюсселе
Эмблема Европарламента на административном здании в Брюсселе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2021
Жазылу
Келіссөздер аясында Украинадан Ливияға дейін, ресейлік вакцинадан Иранға дейінгі тақырыптар қамтылды. Навальный мен Лукашенко жайы да тыс қалмады

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путиннің Ангела Меркель және Эммануэль Макронмен арадағы келіссөздері бір жағынан күтпеген, екінші жағынан жоспарлы сипатқа ие болды. Сейсенбі күні өткен видеоконференцияның нақты мерзімі айтылмаған болатын, деп жазды РИА Новости.

Украина президенті Зеленский үш апта бойы "норманд форматында" кездесу өткізуге ниетті екенін айтып жүрді. Ақырында Зеленскийді келіссөздерге шақырмады. Үш көшбасшыға ортақ, үштік форматында талқылайтын мәселелердің көптігіне байланысты Украина шетте қалып қойды.

Еуроодақ туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2021
Әлем
Ресей мен Еуроодақ қарым-қатынасы қалай өрбиді
Путин Меркель және Макронмен сөйлеспегелі үш ай өтті. Осы уақыт ішінде жағдай тек Донбаста ушығып қоймай, Батыс пен Ресей арасындағы қарым-қатынас та шиеленісе түсті. Байденнің президент болып сайлануы мен Навальныйдың шартты түрде жазасын шынайы мерзімге ауыстыруға Еуропаның реакциясы арадағы текетіресті одан әрі тереңдетті. Мәскеу Еуроодақпен қарым-қатынас ЕО кінәсінен тоқырап тұрғанын ашық айта бастады. Алайда бүтіндей Еуропа мен жекелеген мемлекеттердің көшбасшылары Мәскеумен ат құйрығын үзбейді. Керісінше өз мүдделерін алға тарта отырып, Ресеймен өзара әрекеттестікті дамыта бермек. Бұл үшін келіссөздер жүргізу қажет.

Міне, күні кеше кезекті келіссөздер өтті. Оның аясында Украинадан Ливияға дейін, ресейлік вакцинадан Иранға дейінгі тақырыптар қамтылды. Навальный мен Лукашенко жайы да тыс қалмады. Бірақ ешбір мәселе бойынша жаңа белеске қол жетпеді. Себебі өзекті мәселелер бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік (Иран) немесе ниет (Украина) жоқ.

Макрон мен Меркель Ресей "Украинада оқ ату режимін тоқтатуды тұрақтандыру және Минск мәмілесін сақтау кезінде дағдарыстан шығу жолдарын әзірлеу бойынша міндеттемені өз мойнына алғанын" қалайтындарын көптен бері айтып келеді. Олар сондықтан Путинге Зеленскийдің қатысуымен "норманд форматында" кездесу өткізуді ұсынды. Мұндай басқосудың өту ықтималдылығы өте төмен. Себебі Путин түйісу орындарында қарулы қақтығысты қайта жандандыруға қатысты Украина ұстанымына алаңдаушылық білдіріп отыр. Донбаспен тікелей диалог орнатуға және конституциялық реформаны Берлин мен Париж Украинадан талап ете алмайды. Ондай болса реттемелеу мәселесінде ілгерілеу болуы екіталай. Макрон мен Меркель Донбастағы жаңа соғыс қаупімен қоқан-лоқы көрсету арқылы Путинді келіссөздерге икемдеу мүмкін емес екенін Зеленскийге түсіндіруі керек.

Беларусь тақырыбы бойынша да әңгіме өрби қоймады. "Жалпыұлттық инклюзивтік диалог пен тәуелсіз сайлау" мәселесін талқыламақ болғанда, Путин егемен елдің ішкі мәселелеріне араласуға жол жоқ екенін еске салды.

Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізе ме - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2021
Видео
Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізе ме
Сөз ауаны Алексей Навальныйдың жағдайына қатысты қарай ауыса бастағанда да РФ президенті осыны меңзеді. Навальныйға қатысты оқиға Ресей мен Еуропа қарым-қатынасына онсыз да бірталай шиеленіс алып келді. Сонда еуропалықтар осы мәселені шиеленісті одан бетер үдету үшін қолдануға дайын ба? Бұл мәселеде Ресей ешқандай келісімге бармайтынын олар түсіне ме? Сондықтан Навальныйды Путинге қысым көрсету құралы ретінде қарастыру еш нәтиже бермейді. Себебі Ресей өзінің ішкі істеріне араласуға жол бермейтінін айтып отыр.

Кездесу барысында Путин "егер қарсы тарап ниет танытса, онда біз Еуроодақпен саясаттан тыс қалыпты қарым-қатынасты қалпына келтіруге дайынбыз" деген мәлімдеме жасады. Яғни, Еуроодақ Ресейдің ішкі мәселелеріне қол сұқпауға тиіс.

 Меркель мен Макрон стратегиялық мәселелерді шеше алмайды, олар тек ішкі мәселелерге қызығушылық танытып отыр. Күзде Меркель канцлер қызметінен кетеді. Сондықтан ол қазір билікті қайтсем партиялас азаматқа ұсынамын деген оймен бас қатырып жүр. Ал Макронды алда өте күрделі президент сайлауы күтіп тұр. Оның келесі жылы қайта сайлануы екіталай.

Украина мәселесін шешпесе, Еуропа мен Ресей қарым-қатынасы атлантшылдардың ықпалы үшін солқылдақ бола бермек. Яғни Мәскеу еуропалық көшбасшыларды өздігінен шешім қабылдауға қауқарсыз, геосаяси мүмкіндіктері шектеулі саясаткер ретінде қабылдай береді.

Жаңалықтар
0