Әлем

Балтық маңы елдері журналистерге қысым көрсетіп жатыр

Жазылу
Еуроодақтың санкциялар туралы регламенті "санкция енгізілген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір қаражат немесе шаруашылық ресурстар ұсынуға тыйым салуды" қарастырады

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір — Sputnik. Балтық маңы елдері орыс тілді журналистерге қысым көрсетуді жалғастырып жатыр, деп жазды РИА Новости.

Кешегі күн екі жаңалық алып келді: Эстонияда мемлекетке қарсы қызметі үшін құқық қорғаушы, публицист, Baltnews ақпарат агенттігінің авторы Сергей Середенко қамауға алынды. Ал Латвияның Бас прокуратурасы Baltnews және Sputnik Латвия порталдарымен әріптестік орнатқан журналист Алла Березовскаяға қатысты қылмыстық істі жабудан бас тартып отыр. Бұл екі портал да "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің құрамына кіреді. Тілшіге Еуроодақ санкциялары режимін бұзды деген айып тағылған болатын.

Ер адам телефон ұстап тұр, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2020
Қоғам
Қазақстанда митингтен хабар тарататын журналистер нені білуі тиіс
Гимназияда аула сыпырушы болып еңбек еткен (себебі қоғамдық қызметіне байланысты ол мамандығы бойынша қызметке тұра алмады) және публицистикалық бағанаға материал жазған Середенконың қалайша "Эстонияға қарсы бағытталған қылмысты жүзеге асыру мақсатында шет мемлекеттің тапсырмасын орындағаны" мүлде түсініксіз. Оның ісі бойынша айыптау ұстанымының мән-жайы әзірше белгісіз.

Есесіне латвиялық прокуратура Березовская мен оның әріптестерінің әрекетінен қандай қылмыс көріп отырғанын мәлімдеді. Әңгіме "Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселевке қарсы ЕО енгізген жеке санкцияларға қатысты болып отыр. Мұндай санкция ол тұлғаның қара тізімге енгізген мемлекеттің аумағына кіруіне тыйым салып, оның сол елдегі активтерін бұғаттауды қарастырады.

Шектеу атауының өзінде санкцияның жеке сипатына баса назар аударылады. Еуроодақтың санкциялар туралы регламенті "санкция енгізілген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір қаражат немесе шаруашылық ресурстар ұсынуға тыйым салуды" қарастырады.

Ал "Россия сегодня" ХАА жекеменшік емес, мемлекеттік кәсіпорын.  Дмитрий Киселев меншік иесі емес, ол жалдамалы қызметкер. Медиатоп та, оның бөлімшелері де батыстық санкциялық тізімде көрсетілмеген.

Ал ары қарай құқықтық қисынсыздық басталады.

Алла Березовская мен оның әріптестері Baltnews пен Sputnik Латвияға арнап жазған мақалаларды Латвияның құқық қорғау органдары санкция салынған тұлғаға ұсынылған шаруашылық ресурс ретінде қарастырып отыр. Жалпы алғанда журналистік мәтіндер "шаруашылық ресурс" параметріне сәйкес келмейтінін алға тартқан адвокаттың қарсылығын прокуратура қабылдамады. Ал келесі мәселе – өздері еншілес БАҚ-та жұмыс істейтін журналистер үлкен медиа құрылымның басшысына қатысты енгізілген санкциялар туралы білуге міндетті ме?

Всего в Алматы планируют высадить 250 тысяч деревьев до конца текущего года - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2020
Өңірлер
Алматыда журналистер аллеясы пайда болды
Заң аясынан тыс қарастырған сәтте Балтық маңы елдерінде ресейлік басылымдар мен орыстілді журналистерге қысым көрсетудің астарында саяси көзқарас жатқаны анық байқалады. Ол қудалау осы елдердің билігі ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп ретінде қарастыратын күшке қарсы бағытталған.

Алайда бұл қудалау бұқаралық ақпарат құралдары мен оның қызметкерлеріне бағытталып отырғаны осы мемлекеттердегі жағдайдың қандай екенін көрсетіп тұр.

Әйтсе де Балтық маңы елдерінің билігін ғана айыптау дұрыс болмас. Себебі олардың қызметі Батыс беталысына сәйкес келіп тұр. Бұл елдерде, әсіресе мұхиттың арғы бетінде өздерімен келіспеген медианың көзін құрту және сөз бостандығын елемеу көптен бері әдетке айналды.

Балтық маңында география, тарих пен қоғамдық факторлар есебінен ең алдымен "орыстар қаупі" бірінші орында тұр. Ал АҚШ пен Батыс Еуропа үдемелі идеяларына қолдау көрсетуден бас тартқан "кертартпалармен" күресуге мәжбүр.

Жалпы журналистердің аузына тығын болып, қаламына қақпан орнатуда Балтық маңы елдері Батысқа қарағанда үлкен "жетістіктерге" жете алады. Себебі соңғы жылдары Батыс бұл бағытта мысал бола алатындай көп әрекет жасады. Алысқа бармай-ақ жақында ғана әлеуметтік желіні трампшылдардан тазарту мен консервативті платформалардың жұмысын шектеуді атауға болады.

Алайда мұндай әрекеттер проблеманы түбегейлі шеше алмайды. Себебі өздеріне ұнамсыз пікір мен ойдың артында миллиондаған адам, бүтіндей қоғам тұрғанын ұмытпау керек.

Жаңалықтар
0