20:32 14 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.55
  • EUR515.53
  • RUB5.62
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
74 0 0

Мәскеу украин билігімен қандай да бір келіссөздер жүргізудің мәні жоқ екенін ашық айтты. Оның үстіне қазіргі жағдай тіптен шиеленісіп кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Күні кеше Ресей, Германия мен Франция көшбасшылары келіссөздер жүргізіп, Донбастағы жағдайды талқылады. Ал осы видеоконференция жайлы ақпарат жеткен Киев "Украинаның қатысуынсыз Украина жайын талқыламау керек" деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Украина билігі өз беделін түсірмес үшін өздерін ақымақ етіп көрсететін жария мәлімдеме жасаудан аулақ болу керек екенін әлі түсінбеген секілді. Себебі Украина тағдырын олардың сыртынан ұлы державалар өз беттерінше шешіп жатқаны айқын көрініп тұр. Сол себепті наразылық білдіру арқылы украиндер өз жағдайларының масқаралығын одан бетер айшықтай түсуде.

О баста алдағы шараға қатысатындар тізімін баяндаған Мәскеу Путин, Меркель мен Макрон, тек Донбасс жайын талқыламайтынын, өзекті мәселелер көп екенін мәлімдеген болатын. Бірақ Киев мәлімдемесінен кейін Кремль "норманд форматы бойынша мәміле жайы мәз емес" екенін айтты.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Зеленский президент болған шақтан бері Минск шаралар кешені мен Парижде қол жеткізген мәмілелерді іске асыруда бір елі алға жылжу болмағанын мәлімдеді. Сол себепті Мәскеу украин билігімен қандай да бір келіссөздер жүргізудің мәні жоқ екенін ашық айтты. Оның үстіне қазіргі шиеленіскен жағдай құр сөз сапырып отыратын шақ емес. Сөзден іске көшетін қысылтаяң кезең.

Минск келісіміне қол қойылғалы өткен алты жылдың ішінде Донбаста бірнеше рет қарулы қақтығыстар болып тұрды. Алайда, олар тек бір ғана оқиғамен шектеліп, ауқымды соғысқа айналаға қойған жоқ. Мұндай жағдай өткен жылдың жазында да болған еді. Бірақ ақырында келісімге келу мүмкін болды.

Мұндай жағдайдың қалыптасуына ең алдымен Батыстың соғысты қайта жаңғыртуға деген ниетінің болмауы себеп. Десек ет, алармистер әркез тарихтағы ең қанды, ең сұрапыл соғыс болады деп болжам жасады.

Еуропа атын жамылған Батыс минсктік келісімге амалсыздан қол қойды. Соғыс алаңында ойсырай жеңіліп жатқан Киевті қалай да құтқару керек болды. Ал Ресейді бұл қақтығысқа тікелей араласуға мәжбүрлей алмады. Жалпы 2015 жылдың басында-ақ Украина айналасындағы оқиғалар Еуромайдан сценаристерінің ойындағыдай өрбімей жатқаны белгілі болды. Еуропа Ресейді өз ыңғайына көндіре алмайтынына көз жеткізіп, екіжақты ынтымақтастықты қалпына келтіруге көшті. Ол шақта украиндық соғыс авантюраларына мойын бұруға шамасы болмады. Оның үстіне АҚШ-та президент ауысып, билікке жаңа келген Дональд Трамп сыртқы саяси қысым көрсету бағдарын Қытайға бұрды.

Батыс үшін Украина барлық үмітті ақтамаған ең үлкен өкінішке айналды. Себебі Донбасс оның Еуропа, АҚШ-пен қарым-қатынасындағы ең соңғы мүмкіндік еді. Ол жақтағы әскери шиеленісті тұрақты түрде арандата отырып, Киев осы арқылы тиісті көмек алу үшін өзіне назар аударғысы келді. Алайда мұхиттың екі жағындағы "әріптестер" оған еш қызығушылық танытпады.

Бірақ соңғы уақытта дәл осы аспектіде түбегейлі өзгерістер болып, оқиғалардың өрбуіне қатысты алаңдаушылық тудырып отыр. Себебі АҚШ билігіне жай демократтар емес, 2010 жылдың ортасында Донбаста соғыс басталуына ықпал еткен америкалық истеблишмент өкілдері келді. Оның үстіне демократтардың қазіргі беталысындағы деструктивті әдістердің көп болуына байланысты олар қайтадан арандатушылық жасап, сөзден іске көшуі ықтималдылығы жоғары.

Мұхиттың бергі бетіндегі жағдай да мәз емес. Еуроодақ Ресеймен қарым-қатынасты соңғы онжылдықтағы ең төменгі деңгейге жеткізді. Бұл мұны Джо Байденнің Ақ үйге келуіне дейін өз бетінше, біржақты жасады. Сол себепті еуропалықтардың бұл жолғы әрекетін Вашингтонның қысымына байланысты жасалған мәжбүрлі амал деп қарастыруға болмайды.

Еуропаның мұндай қадамға баруына не себеп болғаны жайлы тоқтаусыз пікір таластыра беруге болады. Бірақ мәселе оның қаншалықты деңгейде текетіреске бара алуында болып отыр. Қазір антиресейлік бағдар еуропалықтарды Киевтегі соғыс әрекеттеріне қолдау көрсетуге итермелеуі мүмкін бе деген сауал өзекті мәселеге айналды.

Сондықтан Ресей президенті Владимир Путиннің Германия мен Франция көшбасшыларымен сөйлесуі маңызды. Себебі Донбаста соғыс әрекеттерінің қайта жандануы тек Украинаны емес, бүкіл Еуропаны құрдымға тартуы әбден мүмкін.

Тақырып бойынша

"Норманд форматы" Ресей мен Украина қарым-қатынасының жақсаруына көмектесті ме?
Украина билігі Boeing ұшағындағы барлық адамның қаза болғанын растады
Ирандағы әуе апаты: Украина ұшақты зымыранмен атып түсіруі мүмкін деген болжам айтты
Украина ұшағы құлады: Зеленский әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады
Украина ұшағын зымыран атып түсіруі мүмкін: желіде видео жарияланды
Кілт сөздер:
Ресей, Украина
Загрузка...

Басты тақырып