19:03 14 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.55
  • EUR515.53
  • RUB5.62
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
54 0 0

Ауғанстанмен көрші жатқан мемлекеттер бір-бірімен саяси компромистен бөлек экономикалық өзара түсіністік орнатуы керек

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Душанбеде өткен үлкен конференция аясында Ауғанстанды азаматтық соғыс пен құлдыраудан құтқарудың әдіс-тәсілдерін ұсынғандар қарасы көп болды. Олардың арасында ақылға қонымсыз амалдар да баршылық.

Ресей Қаржы университеті саясаттану департаментінің доценті Геворг Мирзаян Sputnik-ке хабарлағандай, "Азия жүрегі – Стамбул процесі" тоғызыншы министрлік конференциясы 29-30 наурыз аралығында жартылай виртуалды форматта өтті. 18 наурызда Ауғанстан жөнінде Мәскеуде өткен конференцияға қарағанда бұл шараға қатысқандар әлдеқайда көп болды. Ресейдің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов атап өткендей, Ресей астанасындағы шараға Ауғанстанда келісе алмай отырған тараптарға қатысы бар мемлекеттер (РФ, АҚШ, Қытай, Пәкістан) жиналса, Душанбеде ауған жағдайы өздеріне тікелей әсер етіп отырған және мәселені шешуге қатысқысы келетіндер бас қосты.

Қасым-Жомарт Тоқаев
© Photo : Официальный сайт президента Казахстана
Конференцияның "иесі" – Тәжікстан пезиденті Эмомали Рахмон "Ауғанстандағы дағдарыс – ортақ проблема" деген пікір білдірді. Оның айтуынша, бұған бірқатар көршілес мемлекеттің ауғандармен мәдениеті, діні мен тілі жағынан жақын болуы ғана себеп емес. Еске салсақ, Ауғанстан расымен де Азияның орталығында (жүрегінде) орналасқан мемлекет. Сондықтан оның өсіп-өркендеуі Азия кеңістігіндегі басқа да мемлекеттердің дамуына тікелей әсер етеді.

Бұл бастамаға Ресей, Әзербайжан, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Түрікменстан мен бірқатар халықаралық ұйым қатысты.

"Жүректі емдеу" принципі Америка әскерін ел аумағынан шығару мен Талибанның қатысуымен коалициялық үкімет құру екені белгілі. Мәселе осыны қалай іске асыруда болып отыр.

Әскерді елден кетіру оңай болмайын деп тұр. Еске салсақ, 2020 жылы Дохада тәлібтермен арада жасалған мәміле бойынша АҚШ 1 мамырға дейін Ауғанстаннан өз әскерін алып кетуі керек. Алайда Джо Байден техникалық себептерге байланысты межелі мерзімді сақтау қиын болатынын айтты. Оның үстіне АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен де 1 мамырға дейін әскер әкетілмеуі ықтимал деген екіұдай пікір білдірді. Бірақ барлығы 1 мамырды межелі күн ретінде қарастырып жатыр.

Ал одан кейін не болады? Жаңа ауған билігі қандай талаптар бойынша құрылады және жұмыс істейді? Осы мәселе бойынша мемлекеттер арасында бірқатар қарама-қайшы пікір бар екені белгілі болды.

Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Ауғанстан бойынша кез келген бейбіт келісім ауған халқына өз тағдырын өзі шешуге құқық беруге тиіс екенін атап өтті. Бір қарағанда Үндістан да осы ұстанымды алға тартқандай көрінді. Осы елдің Ресейдегі елшісі Венкатеш Варманың айтуынша, республика "ауғандардың жетекшілік етуі және ауғандардың бақылау жүргізуі арқылы мәмілеге келуге қолдау көресетеді". Алайда іс жүзінде Иран мен Үндістан мәлімдемелерінің астарында екі түрлі ой жатыр. Егер ирандықтар ауғандықтар америкалықтардың араласуынсыз "өз тағдырын өздері шешуін" қаласа, Нью-Дели ауған саясаты Пәкістанның мейлінше аз немесе мүлде қатыспауы арқылы қалыптасқанын қалайды. Ал  Исламабад Ауғанстаннан кетуге асығар емес. Ол бұл елді Пәкістанға территорияға қатысты наразылық білдірмейтін өзінің сенімді, тұрақты панасына айналдыруды көздейді. Ал ол үшін пәкістандықтар ауғанішілік істерге мейлінше Үндістанды араластырмауы керек. Бірақ Венкатеш Варманың сөзіне қарағанда Ауғанстандағы түрлі жобаларға бас-аяғы 3 миллиард доллар бөлген Үндістан бұл елден кетпейтіні анық.

Жалпы Душанбедегі кездесуде осы тектес пікірлер қайшылығы айтылып, ортақ мәмілені іздеуге талпынған жиын болды. Себебі оған қатысқан мемлекеттер мәселенің шешімін таппаса, үлкен державалар Ауғанстанды өзінің екіжақты қақтығыстарында пайдалануды жалғастыра беретінін түсініп отыр. Яғни, Иран, Пәкістан, Қытай, Орта Азия елдеріне (осылар арқылы Ресейге қарсы) қарсы қолдануды тоқтатпайды.

Сонымен қатар Ауғанстанмен көрші жатқан мемлекеттер бір-бірімен саяси компромистен бөлек экономикалық өзара түсіністік орнатуы керек. Яғни тек инвестициялаумен айналыспай, мемлекетті қайта аяқтан тұрғызу үшін ауған халқын тамақтандырып, қайтарымсыз негізде экономикаға салым салуы маңызды.

"Ресей Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетті. 2020 жылдың қараша-желтоқсан айларында 300 тоннадан астам азық-түлік жөнелтті. Біз көмек көрсетуді жалғастыра береміз", - деді РФ СІМ басшысы Сергей Лавров.

Ауған халқына кедейлікпен күресуге, халықтың бейбіт өмірге қол жеткізуіне, мектеп салуға көмектесу арқылы көрші мемлекеттер өз қауіпсіздіктеріне инвестиция салады. Осы игі іске бірнеше миллион доллар құю ауғандық радикалдар бастамашы болуы ықтимал соғыстан қорғануға жүздеген миллион жұмсаудан дұрысырақ болар еді.

Загрузка...

Басты тақырып