Әлем

Ғалымдар коронавирустың белгісіз мутациясын анықтады

© REUTERS / MAXIM SHEMETOVЗертхана қызметкері
Зертхана қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2021
Жазылу
Коронавирустың жаңа мутациясы Қазақстан мен басқа да мемлекеттерде тараған COVID-19-дың британдық штамынан қауіпті емес

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Коронавирустың бұған дейін белгісіз болып келген мутациясы Чехияда анықталды. Бұл жөнінде Elisabeth Pharmacon зертханасының жетекшісі, танымал эпидемиолог Омар Шеры мәлімдеді.

"Бұл жерде Spike-протеиннің мутациясы сөз болып отыр. Бұл SARS-CoV-2 вирусының үстіңгі бетінде пайда болатын протеин. Бүгінде қолданылып жатқан вакциналар дәл осыған қарсы әрекет етуге бағытталған", – деп жазды Шеры Twitter-де.

Сарапшы пікірінше, коронавирустың жаңа мутациясы республикада тараған британдық штамнан қауіпті емес, деп жазды РИА Новости.

Қазір он миллион халқы бар Чехияда 173,5 мың адам коронавирус жұқтырған және оның ішінде 7,3 мың адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Елде енгізілген шектеулерге сәйкес азық-түлік және тұрмыстық тауарлар сататын дүкендер мен дәріханалар ғана жұмыс істеп тұр. Аса қажеттілік туындамаса, азаматтардың аудан арасында еш себепсіз жүріп-тұруына тыйым салынған. Сағат 21:00-ден 05:00-ге дейін комендант сағаты жарияланған.

Бұған дейін Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекшісі Жандарбек Бекшин Қазақстанда коронавирустың британдық және оңтүстік африкалық штаммы анықталғанын мәлімдеген.

"Мутацияланған штамдардың таралуына байланысты ауру жұқтыру көрсеткіші жоғары деңгейде тұр", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирустың жаңа түрі жылдам таралып жатқанын растады

Оның айтуынша, жаңа штамдардың жұғу жылдамдығы жоғары.

Жаңалықтар
0