Әлем

НАТО Ресейден басқа қай елді қауіпті деп санайды

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуНашивка на форме военнослужащего батальона НАТО.
Нашивка на форме военнослужащего батальона НАТО. - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Жазылу
Байден де альянс қатысушылары блоктың қорғаныс шығындарына ЖІӨ-нің екі проценті көлемінде қаражат салуы керек екенін талап ететін болады. Блинкен де осыны меңзеп тұр

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Солтүстік атлантика альянсы Ресей мен Қытайды басты қауіп көретінін мәлімдеді. НАТО елдері сыртқы істер министрліктерінің басшылары осы мемлекеттерді тежеуге бар күшін салуға келісті. Халықаралық терроризм "НАТО – 2030" жаңа стратегиясының негізгі бөлігі болмай қалды, деп жазды РИА Новости.  

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен НАТО елдері СІМ басшыларының жиынына қатысты. Блинкен Брюссельге іссапарды қыстан бері жоспарлап келді. Бірақ белгілі бір себептерге байланысты жолға шығудың сәті түспеді.

Мемлекеттік хатшы қызметіне кірісе салысымен ол Жапония мен Оңтүстік Кореяға барып қайтты. Еуропалық одақтастар Байден президент болған шақта азиялық бағыт АҚШ-тың сыртқы саясатының басымдығы болып қалатынын жақсы түсінеді. Әйтсе де америкалық шенеунік Еуропаға қарай мейлінше ерте ат басын бұрады деп үміттенді. Оның үстіне жаңа әкімшілік Ақ үйге орналаса салысымен трансталантикалық байланысты қалпына келтіру бағыты туралы мәлімдеме жасады. Ал Дональд Трампты үнемі Еуроодақпен қарым-қатынасты бұзды деп айыптап келді.

Захарова ответила на заявление Пентагона об угрозе НАТО со стороны России - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2021
Видео
Ресей НАТО-ға қауіп төндіре ме: ресми өкіл жауабы – видео
Брюссельде мемлекеттік хатшы НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен әңгімелесіп, одақтастармен екіжақты кездесулер өткізді. Күн тәртібіндегі басты мәселе – Солтүстік атлантика альянсының 2030 жылға дейінгі стратегиясы. Бұл құжатты 2020 жылдың соңына қарай әзірленіп, ақпанда НАТО елдері қорғаныс ведомстволарының басшылары тиісті түзетулер енгізді. Енді сыртқы істер министрлеріне кезек келді. Егер олар құжатты мақұлдайтын болса,  онда альянстың жыл сайынғы саммитінде мемлекет басшылары стратегияны мақұлдап, оны жүзеге асыруға кіріседі.

Саммиттің уақыты әлі белгіленген жоқ. Бірақ мемлекет басшылары көктемнің соңына дейін кездесуді жоспарлап отыр.

Жаңа стратегия қабылданғанға дейін ескі құжат басшылыққа алынады. Ол 2010 жылы Лиссабонда қабылданды және көпшілік пікірі бойынша бүгінде "өзектілігін жоғалтты". Одақтастардың қолданыстағы құжатта Мәскеуді альянстың стратегиялық серіктесі деп көрсеткеніне көңілі толмай отыр. Сол сияқты 2014 жылы болған геосаяси жағдай, яғни Қырымның Ресей бақылауына өтуі де көрсетілмеген.

"НАТО – 2030" стратегиясында Ресей басты әскери қауіп ретінде көрсетілген. Одақтастар Қара теңіздегі әскери техника санын арттыруды көздеп отыр.

"Ресейді тежеу үшін НАТО ұжымдық қорғанысты ауқымды күшейту шараларын жүргізді. Біз Мәскеудің әрекетіне бірге жауап беретінімізді түсінуіміз керек", - деді Столтенберг СІМ басшыларымен кездесу барысында. Ол альянс Ресеймен диалог жүргізуге дайын екенін жеткізді.

Сыртқы саяси ведомство басшылары НАТО-ның лиссабондық стратегиясында Бейжіңнің күн санап өсіп келе жатқан әскери әлеуеті жайлы бірде-бір сөз жоқ екенін еске салды. Жаңа стратегияда ҚХР Ресеймен бірдей деңгейде трансатлантикалық ынтымақтастыққа төнген қауіп ретінде көрсетілген.

Блинкен күшейіп келе жатқан Қытай Еуропадан гөрі АҚШ-ты қаттырақ алаңдатып отырғанын мойындады.

"Вашингтон ҚХР-ға қатысты өз одақтастарының алдына "біз немесе олар" деген таңдау қоймайды. Одаққа мүше мемлекеттер өзара мүдделі салалар бойынша Бейжіңмен ынтымақтастық орната алады", - деді Блинкен Брюссельде.

АҚШ пен НАТО ресейлік әскери кемелерді өз жағалауына жақындатпауға тырысып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2021
Видео
Ресейдің әскери кемелері Атлант мұхитында не істеп жүр - видео
Лиссабон стратегиясында бірінші деңгейдегі проблема ретінде көрсетілген халықаралық терроризм жаңа құжатта Ресей және Қытайдан кейінгі орында тұр. Сонымен қатар "НАТО – 2030" стратегиясында Қара теңіз мәселесі Ресейден төнетін қауіпке байланысты ескерілмеген. Мұнда негізгі бағдар – Қара теңіз аймағындағы басты одақтас саналатын Түркиямен байланысты қайта жандандыру.

Сондай-ақ НАТО елдері СІМ басшылары "Солтүстік ағын – 2" жобасын да талқылады. Блинкен америкалықтар аталған жобаның аяқталғанын қаламайтынын және оған қатысушыларға қатысты жаңа санкциялар енгізетінін еске салды. Алайда еуропалық одақтастардың барлығы берлік бұл оймен келісе қоймады. Германияның сыртқы істер министрі Хайко Маас неміс билігі мен бизнес газ құбырының жобасы аяқталады деп үміттенетінін жеткізді.

Кездесу барысында одақтастардың қорғаныс саласына қатысты шығындары мен Ауғанстан мәселесі де талқыланды. Блинкен Трамп әкімшілігінің делдал болуының арқасында қол жеткен бейбіт реттеу жоспарын ауған тарапы бұзып отырғанын айтты. Алайда альянс мүшелері жаңа жоспар ұсынбады.

"НАТО мүшелері АҚШ-тың жаңа әкімшілігі Трамп кезінде туындаған проблемаларды жоюға ықпал етеді деп үміттеніп отыр. Бірақ жаңа көшбасшы алдыңғы президенттің бағытынан толық бас тартуы екіталай. Байден де альянс қатысушылары блоктың қорғаныс шығындарына ЖІӨ-нің екі проценті көлемінде қаражат салуы керек екенін талап ететін болады. Блинкен де осыны меңзеп тұр", - деді Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің бас директоры Андрей Кортунов.

Саясаттанушы НАТО мен Ресей қарым-қатынасы одан әрі де шиеленісе береді деген болжамын бөлісті.  

Жаңалықтар
0