Әлем

АҚШ-та супермаркетте 10 адамды атып тастады – оқиға орнында түсірілген видео

© AFP 2024 / KAREN BLEIERМужчина держит пистолет Colt, архивное фото
Мужчина держит пистолет Colt, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2021
Жазылу
Колорадо штатында болған атыс кезінде он адам оқ тиді, олардың арасында бір полицей де бар. Полиция ұсталған күдіктінің супермаркетте оқ атқан адам екенін әлі растаған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз — Sputnik. АҚШ-тың Боулдер қаласындағы супермаркетте ер адам тұрғындарға оқ жаудырды. Оқиға орнында, кем дегенде, он адам көз жұмды. Олардың ішінде бір полиция қызметкері бар,  деп хабарлайды АВС арнасы.

Телеарнаның мәліметіне сәйкес, желіде тараған видеода полицейлердің супермаркеттен бір адамды шығарып жатқанын анық көруге болады. Оның қолына кісен салынған, аяғы қанап жатыр. Құқық қорғаушылар оны жедел жәрдем мамандарына тапсырды.  

Әзірше полиция ұсталған күдіктінің супермаркетте оқ атқан адам екенін растаған жоқ.

Жаңалықтар
0