Әлем

Ғашықтардың демалысы трагедиямен аяқталды

© AP Photo / Wong Maye-EПара
Пара - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2021
Жазылу
Екеуі де байланысқа шықпай қойған соң, отбасы мүшелері дабыл қаққан. Олар көліктеріне оралмаған, қонақүйден де құжаттарын алмағаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз – Sputnik. АҚШ-та ғашықтар Мэн штатындағы Акадия ұлттық паркіне демалысқа барған. Жардан құлап, екеуі бір күнде көз жұмды, деп хабарлайды Daily Mail.

Іздеу қызметі 20 наурыз, сенбі күні қорық аумағында 28 жастағы ер адам мен 30 жастағы әйелдің денесі табылғанын хабарлады. Олар Массачусетстен болған. Жұп жаяу серуендеп жүрген кезде Дорр жартасынан құлады деген болжам жасалып отыр.

Екеуі де байланысқа шықпай қойған соң, отбасы мүшелері дабыл қаққан. Олар көліктеріне оралмаған, қонақүйден де құжаттарын алмағаны анықталды.

Мэн штатының тәртіп сақшылары тексеріс жүргізіп жатыр.

 

Жаңалықтар
0