05:19 29 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD431.07
  • EUR485.51
  • RUB5.69
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
15438 0 0

Тұрмысқа шыққан қыз туған-туыстарымен қоштасу кезінде қатты күйзеліске түсіп, кенеттен қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Үндістандағы Одиш штатының тұрғыны үйлену тойында кенеттен қайтыс болды. Сыңсу кезінде оның жүрегі тоқтап қалған.

Жергілікті Hindustan Times басылымы таратқан мәліметке сәйкес, жас жұбайлар 4 наурызда некеге тұрған. Ал келесі күні "бидаай" дәстүрі өткізілді. Ондайда қызды өз үйінен шығарып салады.

Бидаай – Үндістандағы үйлену тойының бір салты. Тұрмысқа шыққан қыз туған-туыстарымен қоштасады. Осы кезде барлығы жылайды. Бұл дәстүр қыздың әйел санатына өткенін білдіреді.

Дәл осы салт кезінде келін бала қатты жылап, кенеттен есінен танып қалған. Содан оны шұғыл аурухана жеткізді. Бірақ дәрігерлер көмек бере алмады. Ауруханаға жеткенше оның жүрегі тоқтап қалған.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар карантинге қарамастан 600 той мен ас берген

Көршілердің бірі қайтыс болған қыздың бидаай салты кезінде тоқтамай жылағанын айтты. Ал бірнеше ай бұрын оның әкесі қайтыс болған. Содан кейін ол қатты күйзеліске түсті. Дәрігерлер бұның бәрі жүрекке салмақ түсіретінін растады. Себебі қатты эмоцияға себеп болатын оқиғалар жүректің жұмысына кері әсерін тигізеді.

Тақырып бойынша

Батыс Қазақстанда әкім ұлына ұлан-асыр той жасаған – видео
Той иелерін тастап, қашуға тырысты: Таразда қонақтарға да хаттама толтырылды
Заңсыз той өтіп жатқаны туралы хабарлаған қазақстандықтарға ақшалай сыйақы төленді
Сайлау күні неке қидырған елордалық жастар дауыс беруге той көйлегімен келді
Ақтауда паркингте той жасағандар кім екені анықталды – видео
Кілт сөздер:
той, Үндістан
Загрузка...

Басты тақырып