Әлем

Қырғызстанда қарулы жиһад жоспарлағандардың жолы кесілді

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуАнтитеррорлық оқу-жаттығу, архивтегі сурет
Антитеррорлық оқу-жаттығу, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2021
Жазылу
Террористік ұйымдардың лагерінде арнайы дайындықтан өткен күдіктілерді Сириядағы лаңкестік топ жетекшілері  басқарып отырған

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Қырғызстанда халықаралық террористік ұйымның мүшелері ұсталды, деп хабарлайды елдегі мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті. 

© Photo : ГКНБ КыргызстанаҚырғызстанда қарулы жиһад жоспарлаған күдіктілердің суреті
Қырғызстанда қарулы жиһад жоспарлағандардың жолы кесілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2021
Қырғызстанда қарулы жиһад жоспарлаған күдіктілердің суреті

Қырғызстан мен шетел азаматтарын ұстау кісі өлтіруге дайындық фактісі бойынша қылмыстық іс аясында жүргізілген. МҰҚК ұсталған үш азаматтың суретін жариялады, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

"Бұл топтың жұмысын Сирия аумағындағы халықаралық террористік ұйымның басшылары үйлестіріп отырған. Олар елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру арқылы Қырғызстанда қарулы жиһад ұйымдастыруды көздеген. Топтың кейбір мүшелері террористік ұйымдардың лагерінде арнайы жауынгерлік дайындықтан өткен", – делінген хабарламада.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдіктілер қолдан жасалған жарылғыш зат пен атыс қаруын қолдану арқылы кісі өлтіруді жоспарлаған. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың жеке мәліметін сатқан полицейлер ұсталды

Жаңалықтар
0