Әлем

"Спутник V-ді" әзірлегендер вакцинаға тіл тигізгендерден кешірім сұрауды талап етті

© Sputnik / Тимур БатыршинВакцинация населения против коронавируса в Казахстане
Вакцинация населения против коронавируса в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2021
Жазылу
Еуропа дәрілік заттар агенттігінің төрағасы Австрияда "Спутник V" препаратын жедел мақұлдау перспективасын "орыс рулеткасына" теңеді

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Ресейлік "Спутник V" вакцинасын әзірлеген мамандар Еуропа дәрілік заттар агентігінің (ЕМА) төрағасы Криста Виртумер-Хохенің кешірім сұрауын талап етіп отыр. Агенттік басшысы Австрияда "Спутник V" препаратын жедел мақұлдау мүмкіндігін "орыс рулеткасымен" салыстырған болатын.

Бұған дейін Виртумер-Хохе вакциналанғандар туралы мәліметтің аздығын сылтау етіп, австриялық ORF телеарнасының эфирінде осындай мәлімдме жасады, деп хабарлайды РИА Новости.

"Спутник V" препаратын тікелей мақұлдап отырған ЕО мемлекеттеріне қатысты жағымсыз пікір білдіргені үшін біз ЕМА басшысы Криста Виртумер-Хохенің кешірім сұрауын талап етеміз. Оның пікірі ЕМА сараптамасына саяси тұрғыдан ықпал ету ықтималдығы туралы бірқатар сұрақ тудырып отыр", - деп жазылған Twitter желісінде ресейлік вакцина үшін құрылған парақшада.

Бұл мәлімдемеде еуропалық агенттік бұған дейін "ешбір вакцина туралы осы тектес пікір білдірмегені" де ескертілген.

"Мұндай пікір білдірудің еш жөні жоқ. Ол ЕМА мен сараптама процесіне қатысты күдік тудырады. Вакциналар мен ЕМА саясаттан алшақ болуы керек", - деп жазылған хабарламада.

"Спутник V" әзірлеушілердің пікірінше, еуропалықтар препараттың "бейтарап сараптамасына лайық", ал ЕМА ресейлік вакцинаны мақұлдаған 46 мемлекеттің реттеуіштеріне деген сенімге нұқсан келтіруге еш құқығы жоқ.

Еуропаның дәрілік заттар агентігі ("European Medicines Agency (EMA)") – дәрілік препараттардың Еуропаның фармакопеясында көзделген талаптарға сәйкестігін бағалау агенттігі.

Бұған дейін хабарланғандай, Еуропаның дәрілік заттар агентігі "Спутник V" вакцинасын тіркеуге қатысты сараптамаға кіріскен болатын.

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың тамызында "Спутник V" вакцинасын тіркеді. Оны Гамалея атындағы ҰЭИЗО әзірледі. Бұл препарат коронавирустың алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы вакцина атанды.

Жаңалықтар
0