Әлем

Оқушы қыздың ажалы телефоннан болды

© Sputnik / Табылды КадырбековДевочка с мобильным телефоном в руках сидит на лестничной площадке
Девочка с мобильным телефоном в руках сидит на лестничной площадке - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Жазылу
Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша өлімге электр жарақаты себеп болған. Тергеу бөлімі тексерісті бастады

НҰ-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Ресейдің Братск қаласында 2008 жылы туған қыз тоқ соғып көз жұмды, ол жуынатын бөлмеге телефон алып кірген. Тексеріс басталды, деп хабарлады РФ тергеу комитеті өңірлік департаментінің баспасөз қызметі.

"Тергеушілер қыздың ұялы телефонмен ваннаға кіргенін анықтады. Оқиға орнында кәмелетке толмаған қыздың қолынан желіге қосылған қуаттау құрылғысының сымы табылды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша өлімге электр жарақаты себеп болған. Тергеу бөлімі тергеуге дейінгі тексерісті бастады", - делінген хабарламада.

Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтайды. Тексеріс қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

"Біз не болғанын түсінбедік": Блогердің ұлы телефонның кесірінен көз жұмды

Айта кетейік, Братск қаласында осыған ұқсас жағдай 2018 жылдың желтоқсанында болған. Ол кезде панкратионнан Ресей чемпионы қайтыс болды. 15 жастағы қыз смартфонды ваннада қуаттаған. Телефон суға түсіп кеткен.  

Жаңалықтар
0