11:05 28 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD426.01
  • EUR493.75
  • RUB6.05
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (2663)
3655 0 0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілінің айтуынша, бір жылдан кейін жағдайды еңсерудің мүмкіндіктері туады

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Коронавирустық инфекция пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталады. Бұл туралы Данияның DR телеарнасына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге мәлімдеді, деп хабарлайды aa.com.tr басылымы.

Халықаралық ұйым өкілінің айтуынша, бұл жыл да коронавируспен арпалысумен өтеді. Тек, келесі жылы ғана жағдайды еңсерудің мүмкіндіктері туады.

"Ең қиын кезеңдер артта қалды. Біз 2020 жылмен салыстырғанда вирус туралы көбірек білеміз және ол кездегіге қарағанда таралу белсенділігі төмендеп келеді", – деді Клюге.

Солай десек те, ол өзінің болжамын ғана айтып отырғанын және пандемияға байланысты жағдайдың қалай өрбитінін әлі ешкім болжай алмайтынын ескертті.

"Қалай болғанда да вирус қалады, бірақ шектеулер қажет емес деп ойлаймын. Бұл оптимистік хабарлама", – деп қосты ДДҰ өкілі.

ДДҰ мәліметтеріне сүйенсек, 22 ақпандағы жағдай бойынша бүкіл әлемде COVID-19 инфекциясын 110 974 862 адамның жұқтырғаны расталды. Індет салдарынан 2 460 792 науқас қайтыс болды. Олардың көпшілігі АҚШ пен Үндістан және Бразилияда тіркелді.

Оқи отырыңыз: ДДҰ коронавирусқа қарсы екінші қазақстандық вакцинаны тізімге енгізді

Ал Қазақстанда аталған індетке 208 809 адам шалдықса, 192 733 науқас жазылып шықты. 2 540 пациент қайтыс болды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2663)

Тақырып бойынша

Әлем алдағы бірнеше айда пандемияның өте қиын кезеңін бастан өткереді – ДДҰ
ДДҰ пандемия төтенше жағдай шеңберінен шығып кеткенін мәлімдеді
ДДҰ коронавирустың үшінші толқыны туралы ескертті
ДДҰ 1,8 млрд адам коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін мәлімдеді
Коронавирустан қайтыс болғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді - ДДҰ
Кілт сөздер:
коронавирус, індет, ДДҰ
Загрузка...

Басты тақырып