Әлем

Жолаушы ұшақ қозғалтқышы өртенген сәтті видеоға түсіріп алды

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2021
Жазылу
United Airlines әуекомпаниясының Денверден Гонолулуға бағыт алған ұшағы ақау салдарынан қайта қонуға мәжбүр болған

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Америкалық БАҚ пен желі қолданушылары Колорадо штатындағы тұрғын үйлер маңына Boeing 777 ұшағының бөлшектері құлаған сәт түсірілген видео жариялады.

Fox News телеарнасының мәліметінше, United Airlines әуекомпаниясының Денверден Гонолулуға бағыт алған ұшағы ақау салдарынан қайта қонды. Ал ұшақ бортында 241 жолаушы болған.

Ұшақ ішінде отырған жолаушылардың бірі отқа оранған ұшақ қозғалысын ұялы телефонына түсіріп алған. 

Интернетте тараған видеоларға қарағанда, лайнердің бір қозғалтқышында өрт шығып, бөлшектері жартылай шашылып жерге түскен. Борттағы жолаушылар мен ұшақ бөлшектерінің құлауы салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ал желіде жарияланған видеодан тұрғын үй аумағына ұшақ бөлшектерінің құлаған сәтін көруге болады. 

​Тағы бір бейнеде қозғатқыштың қаңылтыр қаптамасын адамдардың жинастырып жатқаны көрінеді. 

Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңес тергеп, тексеру жүргізетінін мәлімдеп, тұрғындардан ұшақ бөлшектерін тапқан жағдайда оған қол тигізбей, билік өңілдеріне хабарлауды сұрады.

Жаңалықтар
0