Әлем

Тікелей эфирде күтпеген оқиға болды – видео бүкіл әлемге таралып кетті

© AFP 2024 / KAREN BLEIERМужчина держит пистолет Colt, архивное фото
Мужчина держит пистолет Colt, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2021
Жазылу
Репортер эфирге шыққан сәтте оған медициналық маска киген адам жақындап, тапанша кезеніп, телефонын беруді талап еткен

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Эквадорда тікелей эфир кезінде тележүргізушіге тапанша кезенді. Спорт репортері Диего Ординола Гуаякиль қаласындағы "Монументаль Исидро Ромеро Карбо" стадионының жанында тікелей эфирге шыққан, деп жазды life.ru.  

Репортер эфирге шыққан сәтте оған медициналық маска киген адам жақындап, тапанша кезеніп, телефонын беруді талап еткен.

​Оператор болған жағдайды түсіріп үлгерген, бірақ тонаушыға өзінің телефонын беріп жіберген. Қылмыскер оқиға орнынан ізін суытты: оны жақын маңда серіктестері мотоциклмен күтіп тұрды.

Кейінірек Диего Ординола видеоны Twitter-дегі парақшасында жариялады. Оны 379 мың адам көріп, алты мыңнан астам адам бөліскен.

Жаңалықтар
0