Әлем

Боррельдің Мәскеуге сапары нені меңзейді?

© AFP 2024 / KENZO TRIBOUILLARDФлаги Евросоюза на фоне административного здания в Брюсселе
Флаги Евросоюза на фоне административного здания в Брюсселе - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Жазылу
Еуропалық одақтың шет мемлекеттердің ісі және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Мәскеуден еліне қайтқан соң сынға ұшырады

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Брюссель Ресейге қатысты қандай саясат ұстанатынын әлі шеше алмай жатыр. Ал Берлин ұлттық мақтаныш, ресейлік газ және Навальный сынды үш фактордың қайсысына тоқталарын білмей дал. Жалпы, еуропалық комиссия басшысы Жозеп Боррельдің Ресейге іссапары әдеттегі қалыпта болғанымен, аяғы үлкен жанжалға ұласты, деп хабарлайды РИА Новости.

Еуропалық одақтың шет мемлекеттердің ісі және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Мәскеуден еліне қайтқан соң сынға ұшырады. Ол Ресейге қатысты жаңа санкцияларды қабылдау жөнінде бастама көтеретінін және бұл мәселе 22 ақпанда өтетін ЕО СІМ басшылары кеңесінің отырысында талқыланатынын мәлімдеді. Одан кейін Боррель Еуропарламенттің пленарлық отырысында сөз алып, Ресей "үмітті ақтамады" және "заманауи демократияға айналмады" деп мәлімдеме жасады. Сотталған Алексей Навальныймен кездесе алмауы және оның бостандыққа шықпауы еуробюрократтың бұл ренішіне себеп болса керек.

Лавров предупредил об опасности дальнейшего ухудшения отношений России и Евросоюза - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Видео
Лавров Ресей мен Еуроодақ қарым-қатынасының одан әрі нашарлауы қауіпті екенін ескертті
Боррельдің мұншалықты тіс қайрауының себебі белгілі. Оның Мәскеуге сапарын бүтіндей сәтсіздік деп сипаттауға болады. Навальныйға қатысты мәселе көтеріп, Мәскеудің титығына тиемін деген жоспарының күл-паршасы шықты. Ресей еуропалық шенеуніктердің ыңғайына көнген де, ЕО мен Ресейдің өзара қарым-қатынасында проблема жоқ деген сыңай танытқан да жоқ. РФ СІМ басшысы Сергей Лавров ЕО сенімсіз серіктес екенін еуропалық дипломатия өкілінің бетіне басты.

Еліне қайтқан Боррельді еуропалықтар аса жылы қабылдай қоймады. Радикалдар ЕО өкілі Мәскеуде жұмсақтық танытты деп сөкті. Ал Ресеймен текетірестен шаршаған білікті әрі беделді еуропалық саясаткерлердің радикалдарға наразы екені байқалды. Ол шенеуніктердің қатарында Герхард Шредер, Франк-Вальтер Штайнмайер және тағы басқалар бар. Олар Мәскеудің ашуына тию деген тұрақты ұмтылыс түбінде геосаяси апатқа алып келетінін ескертті.

Жалпы, саясатты экономиканың жалғасы деп қарастыру керек. Сондықтан, "Солтүстік ағын – 2" жобасының айналасындағы халықаралық даудың жалғасы деуге болады.

Жобаның жолын кесуге бірнеше рет ұмытылыс жасалғанымен, оның аяқталуына аз қалды. Бұл мұхиттың арғы жағындағыларға ұнамағаны соншалық, 2019 жылдың желтоқсанында АҚШ сенатының қарулы күштер комитеті 2020 жылға арналған әскери бюджеттің жобасын жариялады. Бұл құжат Ресей энергетикасына қатысты санкцияларды қарастырады және басты нысана "Солтүстік ағын – 2" жобасы болды. Ресейлік газ құбырын төсеумен айналысатын шетелдік кемелер де санкцияға ұшырады.

Америка Құрама Штаттарының бұл бастамасы Еуропада үлкен қолдау таппады. Әсіресе, Германияның жобаға кедергі болуға ниеті жоқ. Өткен жылдың 11 ақпанында Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізгеннен кейін Германия канцлері Ангела Меркель мәлімдеме жасады. Ол "Берлин "Солтүстік ағын – 2" жобасына қатысты санкцияларды елемейтінін және жобаны "коммерциялық" әрі "пайдалы" деп санайтынын жеткізді. Меркель жобаны аяқтау қажет екенін баса айтты.

Немістер АҚШ-тың "Солтүстік ағын – 2" жобасына қарсы шығып, антиресейлік санкцияларға қосылуды талап етуі бәсекелестік ойынындағы амалдың бірі екенін жақсы түсінеді. Америкалықтардың ресейлік газды Еуропа нарығынан ығыстыруды қалайтыны анық. Осылайша Вашингтон Еуропаны "газ қысымынан" құтқарар еді. Алайда америкалықтар қандай қысым жайын сөз етіп отырғаны белгісіз. Себебі "Газпром" батыстық серіктестерінің алдындағы өз міндеттемелерін мінсіз орындап жатыр.

Цены на нефть, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2021
Әлем
Еуроодақ доллардан бас тартты ма?
Өткен жылы германиялық тараптың ұстанымында үлкен өзгерістер байқалмады. Мұхиттың арғы жағындағы серіктестерінің қысымына қарамастан, Берлин бірлескен газ жобасы экономика тұрғысынан тиімді екенін алға тартты. Еуропа бұл мәселеге саясатты араластыруға құлықсыз. Бірақ, күзден бері Ресейге қатысты шабуылдар көлемді бола бастады. Санкциямен қорқытудан бөлек, Навальный ісі секілді қитұрқы амалдарды іске қосты. Боррельдің Мәскеуге іссапары да осылардың қатарында.

Алайда Навальныйға қатысты мәселенің барлығы тек Ресейдің жеке ісі екені анық. Мәскеу бұл мәселеде сырттан қысым жасалуын дұрыс емес деп санайды. Боррельдің іссапары кезінде Навальный мәселесінен бөлек ауқымды тақырыптар талқыланғанда еурошенеунік жауап беруге дайын емес екенін көрсетті.

Ал газ жобасына қайта оралар болсақ, Дания суларында "Солтүстік ағын – 2" газ құбырын төсеу жұмыстарын осы жылдың сәуір айында аяқтау мүмкін болады. Сонымен қатар, Германия СІМ басшысы Хайко Масс буундестагта газ құбырынан бас тарту Германияның нағыз апатқа айналатынын мәлімдеді. Ол бұл мүмкіндікті Германия бәсекелестері қалт жібермейтінін ескертті. Сол сияқты, ГФР вице-канцлері Олаф Шольц пен Австрия канцлері Себастьян Курц те жоба құрылысының сәтті аяқталатынына сенім білдірді.

Жалпы, алда әлі талай дүрбелең тұрғаны анық. Себебі 22 ақпанда өтетін ЕО СІМ басшыларының ездесуінде Ресейге қатысты санкциялар талқыланып, ол келісімдер наурызда бекітілуі ықтимал.

Экономика мен географияны ешкім, тіпті Брюссель шенеуніктері де өзгерте алмайды. Ресей мен Еуропа әрқашан көрші болып қала береді. Сондықтан экономикалық байланыстарды үзу оңай болмайды.

Жаңалықтар
0