07:47 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1726 0 0

Бір сағат серуендеу қарт адамдардың өмірін ұзартуға көмектеседі. Сонымен қатар, дәрі-дәрмекке аз ақша жұмсалады, дейді жапон ғалымдары

НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан – Sputnik. Күнделікті таза ауада серуендеу өмірді ұзартады. Жапон ғалымдары серуендеуге жұмсалған бір сағаттың қартайған адамдардың денсаулығына оң әсер ететінін анықтады.

British Medical Journal-да жарияланған зерттеу авторлары жылдам қарқынмен, минутына жүз қадамдай жүру керек екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қара нанды кімдерге жеуге болмайды 

13 жыл ішінде мамандар 40-79 жас аралығындағы 27 мың еріктіні бақылаған. Күніне кем дегенде бір сағат жүретін қатысушылар белсенділігі төмен адамдарға қарағанда ұзақ өмір сүретін болып шықты.

Сонымен қатар, бірінші топтағы адамдар дәрігерлердің қызметіне аз ақша жұмсаған. Осылайша, белсенді ер адамдар бұл мақсатқа 7,6%, ал әйелдер 2,7% аз қаржы шығындаған, деп хабарлады РИА Новости зерттеуге сілтеме жасап.  

Авторлар сонымен бірге осы кеңеске құлақ асатын адамдар артық салмағына қарамастан ұзақ өмір сүретінін мәлімдеді.

Бұған дейін америкалық ғалымдар басқа бір зерттеуінде күнделікті медитация да өмір сүру ұзақтығына ықпал ететінін анықтаған болатын. Зерттеушілердің айтуынша, медитация практикасы күйзелісті және үрей сезімін төмендетуге көмектеседі, сол арқылы адамның өмірін ұзартады. Яғни қан қысымының тұрақтануы жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім қаупін төмендетеді.   

Тақырып бойынша

Дәрігер коронавирустан қорғайтын көкөніс пен жеміс-жидек түрлерін атады
Ғалымдар шайдың ешкім күтпеген пайдасын анықтады
Қатерлі ісікке шалдықтыратын тағам аталды
Ғалымдар өмірді 10 жылға ұзартудың амалын тапты
Дәрігерлер дұрыс ұйықтай алмаудың себебін атады
Қандай азық-түлік қартаюды баяулатады - дәрігер кеңес берді
Кілт сөздер:
адам өмірі, ғалымдар
Загрузка...

Басты тақырып