Әлем

Коронавирустың бірден екі штаммын жұқтырған адам анықталды

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуАрхивное фото капельницы
Архивное фото капельницы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирустың жаңа штаммын жұқтырғандар арасында иіс сезудің жоғалуы өте сирек тіркелгені хабарланды. Алайда, ағзасында дәл осы штамм бар азаматтарда жөтел, тамақ пен бұлшықет ауруы, шаршаңқылық жиі болған

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар — Sputnik. Зерттеушілер Бразилияда коронавирустың екі штаммын жұқтыру жағдайын тіркеді.

Ұлттық компьютерлік ғылымдар зертханасының (Бразилия ғылым министрлігінің бөлімшесі) қорытындылары бойынша кем дегенде екі пациенттің сынамаларында SARS-CoV-2 вирусының түрлі генеалогиялық желілерінің қоздырғыштары табылған. Оның бірі бұған дейін Оңтүстік Африкада табылған E484K штамм, деп хабарлайды РИА Новости.

Екі штамм жұқтырғанына қарамастан, науқастардың ауруы жеңіл формада өткен. Ғалымдар хабарлағандай, олар қараша айында ауруханаға жатпай-ақ сауығып шыққан. Зерттеу Риу-Гранди-ду-Сул штатында коронавирустың бірден бес штаммы бар екенін көрсетті. Бұған дейін белгісіз болып келген оның біріне VUI-NP13L белгісі берілді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Бразилиядағы коронавирус жұқтырғандардың саны пандемия басталған уақыттан бері тоғыз миллион адамнан асып кетті. Бұл аурудан көз жұмғандар саны 221 мыңды құрады.

Бұған дейін хабарланғандай, ковидтің "британдық" штаммын жұқтырғандарда иіс пен дәм сезуі сирек жоғалады.

Алайда, ағзасында дәл осы штамм бар азаматтарда жөтел, тамақ пен бұлшық ет ауруы, шаршаңқылық жиі болған.

Жаңалықтар
0