Әлем

Еуропа Ресейге қарсы жаңа санкциялардан бас тартты ма

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуФлаг Евросоюза на Красной площади в Москве
Флаг Евросоюза на Красной площади в Москве - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір күн бұрын Италия Алексей Навальный ісіне байланысты Ресейге қарсы санкцияларды қарастыруға дайын екенін мәлімдеді

Мәскеуге қарсы санкциялар идеясына Франция, Польша, Чехия қолдау білдірді. Сондай-ақ, чехтар Прагадағы ресейлік елшіні сыртқы істер министрлігіне шақырған.

ЕуроОдақ елдерінің сыртқы істер министрлері жиынының қорытындысы бойынша еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррель антиресейлік жаңа шаралар туралы нақты ұсыныстар болмағанын мәлімдеді.

Ежегодная пресс-конференция президента РФ В. Путина - Sputnik Қазақстан
Путин зәулім сарай туралы сұраққа жауап берді

Словакияның Сыртқы істер министрлігі "Еуроодақ санкциялар саясатына ғана арқа сүйей бергісі келмейді" деген пікір айтып, "блогерге қатысты әділ сот процесі өтуіне мүмкіндік жасауға ниетті" екенін жеткізді. Сондай-ақ, Иван Корчок 5 ақпан күні Жозеп Боррель Сергей Лавровпен кездесу үшін Мәскеуге ұшатынын еске салып, аталған мәселе төңірегінде өзекті талқылау боларына сенім білдірді.

Санкциялар екіжақты қарым-қатынасқа да, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға да әсер етіп жатқан жоқ.

Навальныйдың аясындағы у-шуды Еуроодақтың қолдауымен қандай ел жүзеге асырды. 2016-2017 жылдардан бастап антиресейлік саясат мәселесіндегі батыстық бірлік формалды сипатта болып, одақ АҚШ пен Британия ізімен жүріп отырды. Еуропа болса трансатлантикалық ниеттестікті білдіру әрекеттері үшін мардымсыз шаралар қабылдап, Ресеймен ықпалдастықты қалпына келтіру бағытын ұстанды.

Қазір Мәскеумен ынтымақтастыққа балта шабуды діттемегенін байқауға болады. Брюссельдің қолдауымен Федеративті Германия республикасының қазіргі уақытта "Солтүстік ағын – 2" жобасының құрылысын аяқтау үшін жасап жатқан қадамдары осы сөзге дәлел бола алады.

Пресс-конференция главы МИД РФ С. Лаврова - Sputnik Қазақстан
Навальный, Трамп, Қарабақ және вакцина – Лавров мәлімдемелері

Немістер ағылшындар мен америкалықтардың әдетінше Навальныйге қатысты оқиғаны қолданғысы келген секілді. Олар бұл оқиғаның әлемдік деңгейде дауға және қызу талқылау нысанына айналатынын күтпесе керек. 

Ақ үйге жаңа әкімшіліктің келуімен Батыс Еуропа мұхиттың арғы бетіндегі ықпалдан босанудың күрделі әрі қиың кезеңіне аяқ басуымен жағдай ушығып тұр. Бір ғана Навальныйдың төңірегіндегі оқиғалар сөзбен де, іспен де Еуроодақтың геосаяси тәуелсіздігіне қолдау көрсеткен Ресеймен қарым-қатынасында проблема туындатып отыр. Мәскеудің көмегінсіз бұл идеяның жүзеге асуы да екіталай, ал процесс күрделі әрі қымбатқа түседі.

ЕО локомотиві ретінде Батыс Еуропа үшін Ресеймен ынтымақтастықты қалпына келтіру өзекті мәселе болғаны таңғаларлық жайт емес. Сондықтан, Брюссельдің соңғы шешімдері осы мәселелерді шешуге бағытталған: жаңа санкциялар тақырыбы белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.

Қарым-қатынасты қалпына келтіріп, бостандық алу ісінде оған да үлес қосуға тура келеді.

Жаңалықтар
0