Әлем

Әскери саясаттанушы шартқа қатысты мәселеге тоқталды

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуПуск противокорабельной ракеты БРК
Пуск противокорабельной ракеты БРК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей Федерациясы мен АҚШ Стратегиялық шабуылдау қаруларын қысқарту туралы шарттың мерзімін ұзартуға келісті

Sputnik радиосының эфирінде саясаттанушы Андрей Кошкин бұл мәселенің тез шешілуінің пайдалы тұсын бөлісті.

Ресей мен АҚШ Стратегиялық шабуылдау қаруларын қысқарту туралы шартты ұзартуға келісті. Бұл жөнінде журналистерге көрші елдің сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары Сергей Рябков мәлімдеді.

"Бес жыл бойы ешқандай алдын ала шарт, кез-келген толықтырулар және өзгерістер енгізілмеуі турасындағы талаптар сақталды", - деп атап өтті ол.

Сейсенбі күні Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Джозеф Байден телефон арқылы сөйлесіп, шартты ұзарту бойынша келісімге келу туралы пікір алмасуға ризашылық білдірді.

АҚШ-ты ДДҰ-ға қайта қосты. Байден тағы қандай шешім қабылдады – видео  - Sputnik Қазақстан
Видео
АҚШ-ты ДДҰ-ға қайта қосты. Байден тағы қандай шешім қабылдады – видео

Ақ үй хабарламасы бойынша, Байден мен Путин құжатты 5 ақпанға дейін созып үлгеру үшін қызметкерлеріне сәйкес тапсырмалар берген.

Думаның мәліметтер базасына сүйенсек, ресейлік көшбасшы құжатты ратификациялауға қабылдады. Шартты ұзарту туралы келісімде бес жылға, яғни, 2026 жылдың 5 ақпанына дейін созу қарастырылған.

Мемлекеттік Дума сәрсенбі күні өтетін пленарлық отырыста заң жобасын қарастырады, деп хабарлады Думаның халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Леонид Слуцкий.

Әскери саясаттанушы, Плеханов атындағы РЭУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі Андрей Кошкин екі ел көшбасшыларының тез шешімге келуі тек пайда алып келетінін айтты.

"Күні кеше АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Келісімшарт ешқандай талаптар енгізусіз ұзартылады. Мұндай ұзарту қос тарап та келісімді ратификациялау механизмі іске қосуының арқасында мүмкін болғанын да айту керек. Бір ауыз сөзбен айтқанда, мәселе жабылды. Мұндай жедел шешім әлемді тұрақтандыру мәселесіне оң ықпал етеді деп ойлаймын", - деді Андрей Кошкин.

Ресей мен АҚШ арасындағы шарт 2011 жылдың 5 ақпанынан бастап күшіне енген. Ол жеті жылдан кейін қару-жарақтың жалпы санындағы құрлықаралық баллистикалық зымыранның, сүңгуір қайықтардағы баллистикалық зымыранның және ауыр бомбалаушылардың саны 700-ден аспауын, сондай-ақ, бұл көрсеткіш 1 550 оқтұмсық пен 800 іске қосу қондырғылары шегінде болатындай етіп тараптардың әрқайсысы өз ядролық арсеналын қысқартуын қарастырады.

Американский эсминец Джон Маккейн, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
АҚШ әскери-теңіз күштерінің онжылдыққа құрылған жоспары нені көздейді?

Қазіргі уақытта СШҚК-3 Ресей мен АҚШ арасындағы қару-жарақты шектеу жөніндегі жалғыз құжат. Оның мерзімі 2021 жылдың 5 ақпанында аяқталады.

Ресей президенті Владимир Путин 2020 жылдың 16 қазанында әрекет етуші шартты ешқандай талаптар мен өзгертулер енгізбей бір жылға қзартуды ұзартуды ұсынды. Ресейлік СІМ Мәскеу келісімді ұзартып қана қоймай, АҚШ-пен бірге қолда бар ядролық қару-жарақ санын бір жыл бойы ұлғайтпауға дайын екенін айтты. Ресей, сондай-ақ, АҚШ тарапынан ешқандай қосымша талаптар болмауын және АҚШ-тың да ядролық қаруд санын арттырмауын талап етті.

Ал, Вашингтон шартқа Қытайды қосуды талап етті де, кейінірек, бұл райынан қайтты.

Жаңалықтар
0