Әлем

Әлемдегі алғашқы операция: Исландияда адам қолы жауырынмен бірге трансплантацияланды

© Sputnik / Tatiana Makeeva / Медиабанкке өтуМедицина қызметкері
Медицина қызметкері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баламасы жоқ операция 15 сағатқа созылды. Ал донордың қолын науқасқа трансплантациялау үшін хирургтардың екі бригадасы қажет болды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Әлемде жауырынмен қосып екі қолдың трансплантациялануы алғаш жүзеге асырылды. Қазіргі кезде операциядан шыққан Исландия азаматы Феликс Гретарссон ешқандай ауыр асқынусыз қалпына келіп жатыр, деп жазады РИА Новости Франс-пресс басылымына сілтеме жасап.

Дәрігерлер үшін Феликстің қолы қозғалатыны немесе қолғазмайтыны әзірше белгісіз. Ал операциядан кейін тоғыз күн өтсе де, пациентте қандай да бір ауырсыну немесе асқынулар байқалмайтын көрінеді.

"Егер ол шынтағын бүгу қабілетін қалпына келтіре алса, онда оның өмірі өзгеретіні сөзсіз", – дейді жетекші дәрігер Арам Газарян.

Ал енді алдағы бір жыл ішінде Феликс Гретарссон оңалту кезеңінен өтуі тиіс.

"Қазірдің өзінде оның жағдайы әлдеқайда жақсарып келеді", – деп жазады Iceland Monitor басылымы.

Бүгінде 46 жасқа келген Феликс Гретарссон 20 жыл бұрын жұмыс орнында электр тогының апатынан екі қолынан айырылған екен.

Ал өткен сәрсенбіде Феликс Лионда операция жасатты. Баламасы жоқ операция 15 сағатқа созылды. Донордың қолын науқасқа трансплантациялау үшін хирургтардың екі бригадасы қажет болған. Сондай-ақ, пациентке сәйкес донор іздеу жылдар бойы жалғасып, операцияға дайындық жұмыстарына 50-ден астам дәрігер жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қайтыс болған адамның органын алу үшін кімнен рұқсат сұрау керек

Айта кетейік, мұндай деңгейдегі операциялар 1998 жылдан бері жүзеге асырылып жатқанымен, дәрігерлер осы кезге дейін иықтан төмен қолды трансплантациялаумен ғана айналысқан.

Жаңалықтар
0