Әлем

Танымал тележүргізуші өмірден озды

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуГүл мен шам, архивтегі сурет
Гүл мен шам, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америкалық тележүргізуші Ларри Кинг 88 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы оның Twitter-дегі аккаунтында хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Америкалық тележүргізуші, журналист Ларри Кинг 87 жасында дүниеден озды.

Кинг сенбі, 23 қаңтарда Лос-Анджелестегі ауруханалардың бірінде қайтыс болды. Қаралы хабар марқұмның Twitter-аккаунтында жарияланды.

Тележүргізушінің неден қайтыс болғаны айтылмаған. Бірақ, бірқатар БАҚ-тың мәліметінше, ол коронавируспен ауырған.

Ларри Кингтің отбасы оларды жуық арада мазаламауды өтінді. Жүргізушіні жерлеу рәсімі қашан өтетіні кейінірек хабарланады.

Кингтің Instagram-дағы парақшасында соңғы сурет былтыр қазан айында жарияланған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Larry King (@larrykingnow)

Ларри Кинг көпшілікке өзінің Larry King Live шоуы арқылы танымал болды. Көрермендерге 1985 жылы жол тартқан шоу CNN арнасының ең танымал бағдарламасы еді. CNN эфиріндегі 25 жыл ішінде шоудың уақыты да, жүргізушісі де өзгерген емес. Осының арқасында ол Гиннес рекордтар кітабына енді. Шоу-бизнес жұлдыздары, белгілі кәсіпкерлер мен әлем елдерінің саясаткерлері Кингтің шоуында қонақ болды.

Кинг өз мансабында 50 мыңнан астам сұқбат жүргізген.

Жаңалықтар
0