НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар — Sputnik. Әлеуметтік желіде жарияланған видеоны қолданушылар қызу талқылап жатыр. Жас жұбайлар бір-біріне торт ұсынған кезде болған жағдай ешкімді бей-жай қалдырмады.
Қалыңдық тортты болашақ күйеуінің аузына әдейі тигізді. Ал жігіт болса, бірнеше қабаттан тұратын тортты қалыңдығының бетіне лақтырып жіберді.
Видеоны қалыңдықтың өзі жариялады. Алайда жұрт бақыт тілеудің орнына күйеуімен ажырасуға кеңес беріп жатыр.
"Оның көңіл-күйі бірден өзгеріп кетті. Ашуға беріліп, тортты бетіңе лақтырды. Абай бол, құрбым", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Видеоны TikTok-та 90 мыңнан астам адам көрген.
Қалыңдықтың өзі бұл жағдайды әзіл деп бағалап отыр. Ол осылайша қонақтардың көңілін көтермек болдық деп ақталды. Өзге адамдардың әзіл түсінбейтініне қынжылды.