Әлем

Pfizer вакцинасын бекіту кезінде қысым көрсетілді – БАҚ 

© REUTERS / AMANDA PEROBELLIПроизводство вакцины от коронавируса
Производство вакцины от коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирусқа қарсы Pfizer-BioNTech вакцинасы өткен жылдың соңында Еуропалық одақ нарығында пайда болды 

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Хакерлік шабуылдан кейін интернетте пайда болған құжаттардағы ақпарат бойынша, коронавирусқа қарсы Pfizer-BioNTech вакцинасын бекіту кезінде Еуропаның дәрілік заттар агенттігіне қысым көрсетілген. 

Еуропа дәрілік заттар реттеуіші Pfizer-BioNTech вакцинасын 21 желтоқсанда ЕО нарығына шығарған болатын. Ұйым ЕуроОдақта коронавирусқа қарсы вакцина аясында зерттеу жүргізіп, оларды қолдану мен сату бойынша ұсыныстар береді.

Францияның Le Mond басылымы бұл препаратқа қатысты бірқатар құжатты қолға түсіре алған, деп хабарлайды inosmi.ru. Өткен жылдың желтоқсанында қолды болған құжаттар жасырын желі – Даркнетте жарияланды. 

Белгілі болғандай, еуропалық агенттік Pfizer-BioNTech вакцинасына қатысты бірқатар қарсылық пікір білдірген. Әсіресе, вакцинаның коммерциялық партиясы мен клиникалық сынақтар кезінде қолданылған түрінің арасындағы сапалық айырмашылығына байланысты наразылық туындаған. 

"Көптеген мекенжай жазылған электронды хаттардың бесеуі COVID-19 ауруына қарсы алғашқы вакцинаны бекіту процесін жылдамдату үшін агенттікке қысым көрсетілгенін білдіреді", - деп жазды басылым. 

Еуропалық дәрілік заттар агенттігі өткен жылдың 9 желтоқсанында мекемеге кибершабуыл жасалғанын, соның салдарынан хакерлер вакциналар мен коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек бойынша үшінші тараптардың мәліметтерін көшіріп алғанын хабарлады. Бұл оқиға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Агенттіктің 15 қаңтардағы ресми хабарламасында кибершабуыл кезінде ұрланып, кейіннен интернетте тараған ЕО-дағы вакциналарды бағалау процесі туралы хаттардың мазмұны қоғамда вакцинаға қатысты күдік тудырып, сенімнен шығару мақсатында әдейі бұрмаланғаны айтылды.

 

Жаңалықтар
0