08:22 24 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
23 0 0

Ресей СІМ журналистерді қылмыстық қудалауды демократиялық қоғам негіздерін елемеудің сорақы мысалы деп атады

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі Sputnik және Baltnews басылымдарында жұмыс істейтін журналистерді қудалау фактісіне қатысты алаңдаушылық білдірді.

Орыс тілді латвиялық журналистерге, соның ішінде, Baltnews және Sputnik Латвиямен әріптестік орнатқан тілшілерге желтоқсан айының басында Еуроодақ санкциялары режимін бұзу туралы айып тағылды. Оларға айыппұл салу немесе абақтыға жабу түріндегі жазалар қолданылуы мүмкін. Латвияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі аталған ақпараттық порталдардың жеті қызметкерін ұстап, олардың пәтерлерінде тінту жүргізді. Сондай-ақ, қаңтар айында Латвия билігі республика аумағында "Россия-РТР" телеарнасының жұмысын шектеуді көздеп отыр.

"Бұл агрессивті әрекеттерді демократиялық қоғам, БАҚ пен пікір білдіру еркіндігінің негіздерін елемеу деп бағалаймыз", - деді СІМ-де.

Сыртқы істер министрлігі, сондай-ақ, Балтық маңы елдеріндегі журналистердің құқықтарының бұзылуы алаңдаушылық тудырып отырғанын атап өтті. Ведомстводағылар 2019 жылы Литвадағы парламент мүшелері Sputnik Литва сайтына қолжетімділікті алып тастауға шақырғанын, ал ақпарат агенттігінің бас редакторы Марат Касемді ұстап, елден бес жылға қудаланғанын еске түсірді. Қылмыстық қудалау қаупінен секемденген "Sputnik Эстония" қызметкерлері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысын тоқтатты. Латвиядағы жағдай да онша жақсы емес: RT тобының жеті арнасының трансляциясы тоқтатылды, "Бірінші Балтық арнасы" жабылды.

2020 жылдың 24 желтоқсанында РФ Мемлекеттік Думасының депутаттары Еуропа мемлекеттерінің парламенттеріне Латвияның сөз бостандығын құрметтеу жөніндегі халықаралық міндеттемелерін өрескел бұзуын айыптауға байланысты үндеу жасады. Сондай-ақ, ресейліктер бұқаралық ақпарат құралдарының еркін жұміс істеуіне қолдау білдіруге, саяси күрес пен ақпараттық қарсы тұру құралы ретінде күш мен цензураны қолдануға қарсы шығуға шақырды.

Сол кезде Ресей СІМ Мәскеу латвиялық БАҚ-қа қарсы жауапты әрекеттерді қарастыруға мәжбүр екенін мәлімдеді.

"Халықаралық алаңдарда осы проблемалық мәселелерді көтеруді жалғастыра береміз. Нағыз демократия мен сөз бостандығының ұстанымдары қайта жанданатынына үміт үзбейміз", - деді РФ СІМ.

 

 

Загрузка...

Басты тақырып