23:17 27 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (2039)
2086 0 0

Ғалымдар вирус эволюциясының байқалуы көп жағдайда "британдық" нұсқадағы мутациямен ішінара сәйкес келетіндігін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Ресей дәрігерлері SARS-CoV2 коронавирусы әйел денесінде 18 жаңа мутацияға ұшырағанын анықтады, деп хабарлайды РИА Новости.

Лимфоманың төртінші сатысымен ауыратын 47 жастағы әйелде вирустың өзгерістері анықталды. Короновирусты сәуір айында жұқтырған ол содан бері COVID-19-ға тексеріліп, оның нәтижесі 9 қыркүйекке дейін оң болып келген.

Пациент жағындысынан ғалымдар коронавирустық геномның үлгісін алған. Материалдарды салыстырған мамандар вирус оның денесінде 18 жаңа мутацияға ұшырағанын, соның ішінде бұрын даниялық күзендерден табылған S-ақуыз генінің екеуімен сәйкес келді деген қорытынды жасады.

Сібір Федералды университетіндегі геномика және биоинформатика кафедрасы мен Геттинген университетінің профессоры Константин Крутовский иммунитеті басылған науқастарда вирус эволюциясының байқалуы көп жағдайда "британдық" нұсқадағы мутациялармен ішінара ұқсастығын атап өтті.

"Осылайша, SARS-CoV-2 вирусының көп мөлшерде мутацияға ұшырауы бір организмде ұзақ уақыт болуының нәтижесі екендігін алғаш рет ресейлік ғалымдар дәлелдеді", – дейді Крутовский.

Сонымен бірге ол жаңа "ресейлік" штаммның таралуы туралы қорытынды жасауға әлі ертерек деп санайды. Өйткені, осы кезге дейін тек бір ғана жағдай анықталған.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирус қалай таралатынын видео арқылы көрсетті

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2039)

Тақырып бойынша

Ғалымдар қай халықтың коронавирусқа көп жылдан бері бейім екенін айтты
Ғалымдар коронавирусқа қарсы иммунитет қанша уақыт сақталатынын анықтады
Ғалымдар балаларда коронавирустың жаңа белгілерін анықтады
Ғалымдар коронавируспен күресте пайдалы алты өнімді атады
Ғалымдар коронавирус бар-жоғын 10 секундта анықтайтын құрылғы ойлап тапты
Кілт сөздер:
коронавирус, вирус
Загрузка...

Басты тақырып