Әлем

АҚШ-тағы жағдай әлемге қауіп төндіре ме?

© Sputnik / Медиабанкке өтуАкция протеста сторонников Дональда Трампа в Вашингтоне
Акция протеста сторонников Дональда Трампа в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өршіп бара жатқан ішкі саяси дағдарыс АҚШ-ты сыртқы әлем үшін одан бетер қауіпті етеді. Трамптан кейін билік тізгінін қолына алатындар әлемдік аренада қалт жіберген мәселелердің орнын толтыруға және америкалықтардың назарын ішкі проблемадан сыртқыға аударуға тырысады

Жалпы, не күтуге болатыны белгісіз. Соңғы кезде осы тектес пікірлер Ресей ішінде жиі айтылып жүр. Оған себеп – АҚШ-тың кез-келген проблемасының әлемге әсер етпей қоймауы. Сондықтан, АҚШ-тағы дағдарыстың салдарына қазірден дайындала берген жөн, деп жазады РИА Новости.

Америка Құрама Штаттары расында да гегемонизмге үміткер әлемдегі ең қуатты держава екеніне күмән жоқ. Бірақ, осы қуатты мемлекет күні кеше болған жағдайларға дейін-ақ іштей жырым-жырымы шыққан "науқас" ел. АҚШ-тың ұлттық мүдделері мен Атлантикалық жаһандану жобасын сүйемелдеу арасындағы айырмашылық оның түбіне жетті. Яғни, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жаһандық әлемдік тәртіпті құрушы, жаңа типтегі дүниежүзілік ұлттық құрылымнан жоғары тұратын империя құрушы рөлді өз мойнына алған мемлекет іштен жарылды. КСРО бастан кешіргендей емес, бірақ, салдары сол кездегідей орасан.

Кандидат в президенты США от Демократической партии и бывший вице-президент Джо Байден - Sputnik Қазақстан
Әлем
АҚШ конгресі Байденнің президент сайлауындағы жеңісін бекітті
Америка барлық кезде әлемдік көшбасшы болмаса да, ықпалы зор мемлекет болды деген теория тарихпен үйлеспейді. Бұл өте жас мемлекет. Бес жылдан кейін оның құрылғанына 250 жыл болады. Осы уақыттың тұп-тура тең жартысы оның өз проблемаларын шешуге жұмсалды. АҚШ тек ХІХ ғасырдың соңына қарай ғана басқыншылық еуропалық державаның сол кезде әлсіз елі – Испанияның карибтік және азиаттық иеліктерін басып алуға бел буды (Куба және Филиппин).

ХХ ғасырдың басында Америка Құрама Штаттары әлемдік кеңістікке шықты. Еуропалық және әлемдік екі соғысқа қатысуының арқасында ол алдымен батыс әлемінің гегемонына айналды да, содан кейін жаһандық үстемдікке көз тікті. Соңғы жарты ғасырда АҚШ ұлттық мемлекеттен біртіндеп атлантикалық элитаға үстемдік ететін жаһандық жобаны жүзеге асыратын базаға айналды. Бірақ, жоба іске аспады. Мойындау керек, қысқа мерзім ішінде жаңа Вавилонды салу жолында АҚШ әлемдік аренада таңғаларлық табысқа қол жеткізді – әскери қуат, қаржылық, идеологиялық және кадрлық ықпал. Бірақ, қазір осының барлығынан соншалықты жылдам қол үзіп қалуы мүмкін. Көпшілік мұны елестете алмайтын болар. Барлығы қаншалықты жылдам өзгеретінін айқын түсіну үшін орыс немесе қытай болу керек шығар.

Егер жүз елу жыл бұрын біреуге 2021 жылы неміс әйел біртұтас Еуропа үкіметінің басшысы болады деп айтқан болса, онда жаңадан құрылған Екінші неміс рейхінің (ол 1871 жылдың 18 қаңтарында құрылды) табысты болғаны соншалықты, ол бүкіл Еуропаны біріктіріп қана қоймай, сонымен қатар, Ресейді ойсырата жеңіп, одан тек Польшаны ғана емес, сонымен қатар "шағын Ресейді" де тартып алды деген тұжырым жасалар еді. Ал, оған қазіргі әлемнің саяси картасын көрсетсе, онда АҚШ-ты әлемдік гегемон деп атауға аузы бармас еді. Себебі, соңғы 150 жылда Американың аумағы ұлғайған жоқ. Әлемді кім басқарып тұрғаны белгілі. Немістер! Бұл шындықты естіген адам Германия Еуропаны басқарса да, екі соғыста жеңіліс тапқанына және АҚШ-қа геосаяси және әскери тәуелді екеніне шын таңғалар еді.

Қытайдың да аумағы кеңейген жоқ, өзгере қоймады. Бірақ, ол іштей жік-жікке бөлінген елден әлемнің ең қуатты экономикасына айнала алды. Осыдан мың жыл бұрынғы қуатын қалпына келтіре алды. Әйткенмен, қазіргі жаһандану талаптарында Қытай өз бетінше тіршілік етпейді. Ол әлемдік кеңістікке шықты және оған енді ешкім тосқауыл бола алмайды.

Акция протеста сторонников Дональда Трампа в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан
Әлем
Капитолийге шабуыл, Трампқа ультиматум – өткен түнде АҚШ-та не болды
АҚШ теориялық тұрғыда қазіргі дағдарыстан әлі де болса шыға алады. Бар болғаны біржақты басқарылатын жаһанданудың мүмкін еместігін мойындау, гегемон рөлінен бас тарту және әлемдік державалардың талқылауларына құлақ түру қажет. Сонымен бірге, біруақытта өз инфрақұрылымы мен экономикасын қалпына келтіру, яғни ұлттық мемлекетті нығайтуды бірге ала жүру керек болады. Трамп интуитивті түрде дәл осыған алып келе жатқан болатын. Интуитивті болса да, бұл дұрыс бағдар еді. Бірақ, америкалық элитаның бұл мәселеге бас қатырар ниеті жоқ. Сондықтан, АҚШ мемлекет ретінде өз құрылымын сақтап қалуы да екіталай мәселе болып тұр. Қытай, Германия мен Ресей секілді басқа да көптеген елдерге қарағанда, Американың түптамыры жоқ. Тіпті, мемлекет түзуші халқы да жоқ. Ал, нық бекіген негізі жоқ елдің тұрақты мемлекет болуы күдік тудырады.

Жалпы, қазіргі уақытта америкалық элитаның әлемдік үстемдіктегі наразылықтарға қарсы тұратын күш-қуаты да қалмады. Вашингтондағы билікке келген жаһаншылдар да мұны жақсы түсінеді. Олар Обаманың кезінде-ақ жаһандану үшін жауапкершілікті бөлуге тырысқан. Алайда, әлем "көшбасшысы" рөлін бөліп алып, шығынға батқысы келгендер болмады. Стратегиялық шешім қабылдауда ықпалы болмаса, жәй ғана көшбасшы болудың не пайдасы бар?

Қазір Байден әкімшілігі сыртқы аренада өзін аса ұқыпты ұстайтын болады. Олар ешқандай дауға, пікірталасқа жол бермейді. Бұл АҚШ жағдайын одан бетер ушықтыратынына ғана байланысты емес. Расында да, жаңа билік елдің ішкі проблемаларына баса назар аудауына тура келеді. Оның үстіне, жаңа билік өзін Трамптан ақылды әрі сабырлы етіп көрсетуі керек. Қалай болғанда да Трамп билікте болған шақта бірде-бір соғысқа жол бермеді және Ауғанстаннан Америка әскерін алып кетті.

Байден әкімшілігі барынша оптимизді паш етуге тырысады. Ол "демократиялар саммитін" өткізіп, "атлантикалық ықпалдастықты" нығайтады, Қытай мен Ресейге қарсы күш жинайды.

Жаңалықтар
0