09:53 24 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
92 0 0

Аймақтағы қолайсыз ауа райы өткен аптаның ортасын бері әлі жалғасып, Жапонияның кейбір қалаларында жарты метрге жуық қар жауды

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Жапониядағы қалың қар салдарынан сегіз адам көз жұмып, 277 адам зардап шекті. Сондай-ақ, мыңға жуық автокөлік қар құрсауында қалып қойып, жүзден астам әуе рейсі кейінге қалдырылды.

"Жапон теңізінің жағалауы, Хокурику өңірі мен Ниигата қаласы қалың қар астында қалды", - деп хабарлайды жергілікті NHK телеарнасы. 

Қолайсыз ауа райы өткен аптаның ортасынан бері әлі де жалғасуда. Дүйсенбі күнгі таңғы 5-тегі мәлімет бойынша Тояма қаласында 120 сантиметр, Фукуи қаласында 100 сантиметр және Ниигата қаласында 63 сантиметр қар жауған.

Қардың тоқтаусыз жаууына байланысты жергілікті әуе компаниялары 500-ден астам жоспарлы рейстерді кейінге қалдырды. Сонымен қатар, жергілікті биліктің әрекет етуінің және елдегі қорғаныс күштерінің техникасын қар тазалауға жұмылдырудың арқасында соңғы тәулікте көптеген көлік кептелісін оңтайлы реттеу мүмкін болды. Қар салдарынан мыңнан астам көлік құралы тұралап қалған.

Оқи отырыңыз: Қар сиқыры: әлем елдеріндегі қысқы ғажайып көріністер – фото

Қайғылы жағдайдың басым бөлігі қарлы қатқақтар мен ағаштардың құлауы және қар тазалау кезіндегі жұмыстармен байланысты.

Жапониялық синоптиктер азаматтарды аса қажеттілік болмаса, далаға шықпауға шақырады.

Тақырып бойынша

Қарқаралының "ақылды" сиырлары қалың қар астына тығылады
Бір күнде қысқа айналды: қалың қар астаналықтарды әуреге салып қойды – видео
Шығыс Қазақстанда қалың қар жауды — видео
Алматыда қалың қар жауды: көшкін жүруі мүмкін
Испанияда жауған қалың қар қазақстандық сайлау учаскесінің жұмысын қиындатты
Кілт сөздер:
Жапония, қар, табиғат апаты
Загрузка...

Басты тақырып