23:43 15 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
41 0 0

Мұнай бағасы сегіз айдағы ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Вакциналар туралы жаңалықтар мен ОПЕК+ шешіміне нарық осылай "жауап қатты"

Сарапшылар әлемдік экономиканың жандануын, шектеулердің жойылуын және қара алтынға деген сұраныстың өсуін күтуде, деп жазады РИА Новости.

2020 жылы әлемдік мұнай нарығында құлдыраудың бірнеше толқыны болды. Оған бірнеше фактор әсер етті. Олардың негізгілерін атап өтсек, олар – сұраныстың күрт төмендеуі кезінде шикізаттың шамадан тыс өндірілуі, пандемия және бірлескен шектеулер. Бір ғана наурыз айында мұнай бағасы екі есе арзандады.

Алайда, күздің соңында нарықта қуатты серпін пайда болды. Бұл – батыстық вакциналардың сәтті сынақтары туралы жаңалықтар, АҚШ президенті сайлауының нәтижелері. Джо Байден жасыл технологиялардың жақтаушысы ретінде америкалық мұнайшыларды қолдамайды.

Коронавируспен күрес күшейіп, сәтті нәтижелер артып жатыр. 2021 жылы мұнайға деген сұраныс жоғарылайды деп санайды Reuters.

Алайда, мұншалықты оптимизмге қарамастан, жағдай әлі де тұрақсыз. Fitch халықаралық рейтинг агенттігі мұнайға деген сұраныс халықты вакциналаудағы жедел ілгерілеу жағдайында ғана қалпына келеді деп болжап отыр. Аналитиктердің пікірінше, бұл жақсару да "қалыпты" сипатта болмақ.

Желтоқсан айының басында ОПЕК+ альянсының елдері қаңтардағы өндірісті тәулігіне 500 мың баррельге көбейту туралы шешім қабылдады. Әрі қарай жоспар министрлердің ай-сайынғы кездесуінің нәтижелері бойынша нақтыланады. Алайда, жаңа келісімдердің әрекет ету мерзімі белгіленген жоқ.

Баға көрсеткіштері бірден сегіз айлық деңгейге көтерілді, Brent барреліне 50 долларға сенімді түрде жақындап келеді.

ОПЕК+ шешімі тосын сияқты көрінді. Себебі, пандемияның екінші толқыны әлі аяқталған жоқ, ал сұраныс ақырындап қалпына келіп жатыр. Алайда, келісілген ұлғайту қаңтарда күтілген көрсеткіштің төрттен бірін ғана құрайды. Сондықтан бұл альянс нарықтың қайта тірілетініне сенеді, бірақ кез-келген уақытта өндірісті шектеуге дайын екенін білдіреді.

"Біз келісімде қарастырылған деңгейге дейін өндіруді ақырындап қалпына келтіретін боламыз. Бұл бір тоқсанның ішінде жүзеге асады деп үміттенемін", – деді Ресей премьер-министрі Александр Новак.

Аналитиктер ОПЕК+ мақұлдаған өндірісті біртіндеп ұлғайту нұсқасы технологиялық ерекшеліктері мен кеңейтілген инфрақұрылымына байланысты өндірісті тез кеңейте алмайтын Ресей үшін тиімді екенін айтып жатыр. Алайда, жылдың басында мұнай ұсынысы тым көп болуы мүмкін.

"Сәуірде екінші тоқсандағы сұраныстың өсімі 96,1 миллионға дейін артатын болжам негізінде өндіріс тәулігіне екі миллион баррельге ұлғаяды. 1 қаңтардан кейін ұсыныстың сұраныстан асып түсуі, Brent баға белгілеуінің алдағы бес айдағы ең жоғары көрсеткіші желтоқсан айында болғанын білдіреді", – деді "Фридом Финанс" аналитигі Евгений Миронюк.

Компаниядағылар вакциналау әсері мен трансшекаралық шектеулердің жойылуына байланысты жыл бойы баға белгілеулер 40-60 доллар аралығында болады деп болжайды.

Алайда, кез келген жағымсыз оқиғалар жағдайды өзгерте алады. Өйткені, барлық мұнай өндірушілер альянсқа мүше емес. Сондықтан, өндірісті ұлғайтуға оларға ештеңе кедергі болмайды.

Мысалы, АҚШ соңғы айларда өндірісті миллион баррельге арттырды. "Осыған байланысты бірінші тоқсанда мұнай бағасы 40-42 долларға дейін төмендеуі мүмкін. Содан кейінгі жағдай әлемдік державалардың пандемиядан қалай шығуына байланысты болады", – деді QBF жетекші аналитигі Олег Богданов.

"2021 жылы мұнайға баға белгілеулер барреліне 37-42 доллар аралығында ұсынылады. Әлі де жалғасып жатқан пандемия мен оның салдары, сондай-ақ, өз бюджеттерін толтыру үшін ОПЕК+ мүшелерінің өндірісті ұлғайтуға деген әрекеті бағаға қысым ретінде әсер етпек", – деді РМС Банкі қазынашылығының директоры Владимир Волков.

Екінші жағынан, америкалық жетекші банктер мұнай бағасының 60 долларға дейін артуын болжап отыр. Ал Goldman Sachs тіпті 65 долларды көрсетті. Сонымен қатар, қыс мезгілінде тұтыну тәулігіне үш миллион баррельге қысқарады. Бұл жылуға деген сұраныс және коронавируспен сәтті күресіп жатқан Қытайдан сатып алуларымен ғана ішінара өтеледі.

"Бірақ қыстағы проблемалар коронавирустың екінші толқыны сияқты мұнай нарығының қалыпқа келу жолындағы кішігірім кедергі ғана", – деп жазды шолу жасаған аналитиктер.

Bank of America (BofA) бірінші жартыжылдықтың соңында Brent 60 долларға дейін көтеріледі деп болжайды. Сарапшылар Батыстағы жаппай вакциналауға байланысты жүріп-тұруға шектеудің жойылуын күтуде.

Әлемдегі мұнай тұтынудың жартысынан көбін қамтамасыз ететін отынға деген сұраныс тәулігіне 1,6 миллион баррель тапшылығын тудырады деп санайды BofA.

Миллиард баррельді сақтаған коммерциялық қоймалар ашылады. Банктің шолу материалында бір жылдағы мұнайдың орташа бағасы 50 долларды құрайды деп жазылған. Алайда, Байденнің кезінде Иранға салынған санкциялардың алынып тасталуы және ирандық баррельдердің әлемдік нарыққа тез оралуы негізгі сын-қатерлердің бірі екенін де ұмытпаған жөн.

Кілт сөздер:
нарық, мұнай
Загрузка...

Басты тақырып