Әлем

Түркия президенті WhatsApp-тан бас тартты - БАҚ

© AP Photo / DHA / Can ErokПрезидент Турции Реджеп Тайип Эрдоган в защитной медицинской маске в одном из госпиталей Стамбула
Президент Турции Реджеп Тайип Эрдоган в защитной медицинской маске в одном из госпиталей Стамбула - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін WhatsApp қолданушылары ақпаратты Facebook-пен бөлісуге міндеттеген еді. Өйткені Facebook WhatsApp операторы акциясының бақылау пакетіне ие

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар — Sputnik. Түркия президенті Режеп Ердоған WhatsApp қосымшасынан бас тартты, деп жазады РИА Новости.

Оның мұндай шешім қабылдауына мессенджерді қолдану саясатының өзгеруі себеп болған.

Енді Түркия президентінің әкімшілігі бұған дейін WhatsApp-та құрылған топтарды Turkcell Iletisim Hizmetleri AS-ке тиесілі BiP қосымшасына көшіреді.

Эрдоғанның баспасөз қызметі журналистерге осы қосымшаға ауысуға кеңес берді. 

Еске сала кетсек, бұған дейін WhatsApp қолданушылары ақпаратты Facebook-пен бөлісуге міндеттеген еді. Өйткені Facebook WhatsApp операторы акциясының бақылау пакетіне ие.

Жаңалықтар
0