Әлем

Қырғызстандағы сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуДауыс берушілер
Дауыс берушілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстан мен Қазақстандағы сайлаушылардың басым көпшілігінің дауыс беруі бір уақытта аяқталды. Алайда, көрші елдегі электронды жүйелер алдын-ала нәтижелерді ертерек жариялауға мүмкіндік берді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Қырғызстандағы президент сайлауының алдын ала нәтижелері автоматтандырылған жәшіктер санады. Ал сайлау және референдум өткізу жөніндегі дауыс беру қорытындысын орталық комиссиясы жариялайды.

20:30-дағы жағдай бойынша Қырғызстанда 80,4% дауыстар өңделді, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.

2020 жылдың күзінде Қырғызстан үкіметін бірнеше апта басқарған, кейіннен президенттік сайысқа қатысу үшін премьер-министр қызметінен кеткен Садыр Жапаров өзге үміткерлерден әлдеқайда басымдықпен алға шақты. Ол 80,6% дауысқа ие болды. Ал оған ең жақын бәсекелесі 6,55% дауысқа иелік етті.

Айта кетейік, президенттік лауазымға үміткер ретінде 17 адам тіркелді.

Бұл Қырғызстандағы президент сайлауының түпкілікті қорытындысы емес. Президенттік сайлаудың ресми нәтижелері дауыстарды қолмен санау аяқталғаннан кейін ғана жарияланады.

Сонымен қатар, елде президенттік сайлаумен бір мезгілде мемлекеттік басқару формасы бойынша референдум өткізіліп, қырғызстандықтардың көпшілігі (81%-і) президенттік басқаруды артық көрді. Ал сайлаушылардың тағы 10,5%-і парламенттік басқару формасына дауыс берді.

Оқи отырыңыз: Алматыда қырғызстандықтар президент сайлауы мен басқару формасына қалай дауыс берді

Қырғызстан заңы бойынша сайлауға келгендердің жартысынан көбінің дауысын алған кандидат президенттік сайлауда жеңіске жетеді.

Жаңалықтар
0