Әлем

Индонезиядағы Boeing 737 апаты: құтқарушылар ұшақ жолаушыларының дене бөлшектерін тапты

© Sputnik / Sora Socha / Медиабанкке өтуСпасатели на месте крушения пассажирского самолёта Boeing 737 авиакомпании Lion Air у западного побережья острова Ява
Спасатели на месте крушения пассажирского самолёта Boeing 737 авиакомпании Lion Air у западного побережья острова Ява - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Джакартадан ұшып шыққан Sriwijaya Air компаниясының жолаушылар ұшағы Лаки аралына жақын маңда суға құлаған

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар — Sputnik. Индонезия құтқарушылары Boeing 737 жолаушылар ұшағы апат болған аймақтан металл бөлшектер, адам денесінің бөліктері және киім-кешектер табуда, деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Ұлттық іздеу-құтқару агенттігінің басшысы хабарлағандай, мәйіттер Ланканг және Лаки аралдарының аралығынан табылған.

Индонезияның көлік министрі Буди Кария Сумади "ықтимал апат орны" анықталғаннан кейін барлық күш құлаған ұшақты іздеуге жұмсалғанын мәлімдеді.

Әскерилер гидролокациялық жабдықтың көмегімен ұшақ сигналын тіркей алды. Бұл сигнал ұшақ радардан жоғалып кетпес бұрын ұшқыш байланысқа шыққан аймақтағы координаттарға сәйкес келеді.

"Біз апат құрбандарын эвакуациялау үшін флоттың элиталық бөлімшесіндегі сүңгуірлерді шұғыл түрде апат орнын анықтауға жөнелттік", - деді Индонезия әскери күштері қолбасшысы Хади Тьяджанто.

Джакартадан ұшып шыққан Sriwijaya Air компаниясының жолаушылар ұшағының Лаки аралына жақын маңда суға құлағаны кеше күндіз белгілі болды.

Airlive мамандандырылған порталының мәліметі бойынша, ұшақ бортында 62 адам болған. Олардың ішінде 46 ересек адам, жеті бала және бір жасқа толмаған үш сәби, сондай-ақ, екі ұшқыш пен төрт борт қызметкері бар. Басқа мәліметке сенсек, ұшақ бортында 65 адам болған.

Boeing компаниясы РИА Новости агенттігіне апат жайлы хабардар екенін мәлімдеп, ұшақ өндірушісі "оқиға барысын назарда ұстап отырғанын және мейлінше көп ақпарат жинақтауға тырысып жатқанын" айтты.

Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолаушылар ұшағының құлауына байланысты Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жаңалықтар
0