Әлем

Илон Маск Марсқа қоныстану үшін бар мүлкін сатпақшы

© AP Photo / Ringo H.W. ChiuИлон Маск
Илон Маск - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Марсқа қоныстануға қатысты өз нитенінің маңыздылығын көрсету үшін Илон Маск компаниялардағы акцияларынан басқа барлық мүлкін сатуға бел байлады

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар — Sputnik. Мультимиллиардер Илон Маск Марсты бағындыру және отарлау бойынша өз ниеті мен мақсатының маңыздылығын дәлелдеу үшін бар мүлкін сатпақшы, деп хабарлайды РИА Новости.

"Компаниялардағы акцияларымды есепке алмағанда, менде аса құнды ештеңе қалмайды", - деп мәлімдеді Маск.

Ол расымен де баспанасыз қалатынын атап өтті. Өткен жылы Маск өте қымбат тұратын бірнеше жылжымайтын мүлікті сатқан.

"Адам баласы ғарыштық өркениетті игеріп, ғаламшараралық түрге айналуы керек деп санаймын. Марста қала тұрғызу үшін өте көп қаражат керек", - деп нақтылады Маск.

Оның пікірінше, өз мүлкін сату Марсқа қоныстанудағы ниетінің маңыздылығын көрсетеді.

Өткен жылдың желтоқсан айында ол алдағы алты жылда Марсқа адам жіберу ақиқатқа айналатынын мәлімдеген болатын.

Күні кеше Bloomberg агенттігі Илон Маск әлемдегі ең дәулетті адамдардың тізімінде Джефф Безосты басып озғанын жариялады. Оның мүлкі 188,5 миллиард долларды құрап, соңғы бір жылда 150 миллиардқа артқан.

Жаңалықтар
0