Әлем

Адам мәйіттері табылды: Индонезияда жолаушылар ұшағы құлады

© Photo : PixabayҰшақ қанаты, архивтегі сурет
Ұшақ қанаты, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көкке көтерілген ұшақ бірнеше минуттан соң радар экранынан жоғалған. Кейінірек теңізге құлағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Индонезиялық БАҚ жергілікті Sriwijaya Air әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағаны туралы хабарлады.

РИА Новости Синьхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып, Джакарта астанасы маңында ұшақтың суға құлағаны туралы ақпаратты жария етті. Алдын ала мәліметтер бойынша, лайнердің сынықтары мен адам денесінің бөліктері табылды. 

​Жергілікті телеарнаға мұндай деректерді жағалау күзеті кемесінің капитаны мәлімдеген.

Сонымен қатар, Индонезияның іздеу-құтқару департаменті Джакартадан көкке көтерілген ұшақпен байланыс жоғалғанын растады. Ұшақ бортында 50-ден астам жолаушы болған.

 

Оқи отырыңыз: Каспий теңізіне ұшақ құлады

Ал бұған дейін Flightradar24 қызметі лайнердің қысқа уақыт ішінде 3,3 шақырымнан асатын биіктікке көтерілгенін хабарлаған.

"Бұл ұшақ Джакартадан көтерілгеннен кейінгі төрт минут ішіндегі дерек. Әуе кемесінің маркасы Boeing 737-500 лайнері болатын", – делінген ақпаратта.

Жаңалықтар
0